AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Неймар тамсанған: қазақстандық киберспортшы туралы...

Неймар тамсанған: қазақстандық киберспортшы туралы не белгілі?

Спорт 22.09.2025, 14:33 655 Сұлу
Неймар тамсанған: қазақстандық киберспортшы туралы не белгілі?
instagram.com/furiagg

Қазақстандық киберспортшы Даниил Голубенко Бразилияның Furia командасы сапында FISSURE PLAYGROUND 2 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

21 қыркүйекте CS2 (Counter-Strike - еск.) ойыны бойынша FISSURE PLAYGROUND 2 турнирінің финалы өтті.

Финалда моңғолиялық The Mongolz пен қазақстандық ойыншы Даниил Голубенко өнер көрсететін бразилиялық Furia клубы кездесті.

Қорытынды бойынша турнир жеңімпазы болып бразилиялық команда танылды. Есеп – 3:2.

Турнирдің жүлде қоры  - 500 мың доллар(271 миллион теңге), оның ішінде жеңімпазға 200 мың доллар (108 миллион теңге) берілді.

Ойыннан кейін қазақстандық киберспортшыға турнирдің ең үздік ойыншысы (MVP) медалі табысталды.

Турнир барысында Даниил 18 карт ойнап, орташа жеке рейтингі 1,19 болды. 

Жүлдеге қол жеткізгеннен кейін 20 жастағы қазақстандық ойыншы аргентиналық жұлдызды форвард Лионель Мессидің әйгілі суретін қайталады. Даниил Голубенко трофейді құшағына алып, үстіне Қазақстан туын жамылып, ұйықтап жатқандай кейіп танытып, суретін әлеуметтік желіге жүктеген. 

Бұл суретке киберспорт әлемінің ғана емес, көптеген танымал тұлға пікір білдірген.

Олардың ішінде Бразилия ұлттық құрамасының және "Сантос" клубының шабуылшысы, әлемдік футбол жұлдызы Неймар да бар. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #киберспорт #жеңіс #қазақстандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);