Алматыда «БМСК бойынша педиатриялық көмек берудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ұйымдар мен мамандар қатысқан қалалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.
Жетісу ауданындағы №11 қалалық емхана базасында «БМСК бойынша педиатриялық көмек берудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ұйымдар мен мамандар қатысқан қалалық ғылыми-практикалық конференция болды. Халықаралық балаларды қорғау күніне қарай орайластырылған іс-шараны №11 қалалық емхана, «С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ҰАҚ амбулатория-клиникалық көмек кафедрасы және Самарқанд медицина университетінің (Самарқанд, Өзбекстан) 1 педиатрия және неонатология кафедрасы ұйымдастырды.
Конференцияға Жетісу ауданының дәрігер-педиатрлары, жалпы тәжірибе дәрігерлері (№11 ҚЕ, №21 ҚЕ, «Құлагер» БСМК), резиденттер және жоғарыда айтылып өткен кафедралардың профессор-оқытушы құрамы қатысты. Қатысушылар БМСК сай балаларға берілетін пульмонологиялық, кардиологиялық және эндокринологиялық көмектің маңызды деген тұстарын талқылады.
Директордың балалар және акушерлік іс жөніндегі орынбасары Алмаш Ардабаева іс-шараның модераторы болды. Ол кісі практикалық денсаулық сақтау ісіне білім беру үдерісінің кірігуінің маңыздылығына мән беріп, №11 қалалық емхананың «С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ҰАҚ клиникалық кафедраларымен талай жылдан бергі ынтымақтастығы жалғасып келе жатқанын атап өтті. Бұл ынтымақтастық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының жинаған мол клиникалық тәжірибесін практикалық денсаулық сақтау жүйесіне енгізуге мүмкіндік береді.
Амбулатория-поликлиникалық педиатрия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Роза Сейсебаева алғысын айтып, емханамен және басқа да практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен кеңеси және біліми тұрғыда көмек беруде ары қарайғы тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
Конференция барысында әр алуан аурулары, оның ішінде бронхөкпе дисплазиясы, бой өспеушілік, тыныс алу жолларының созылмалы аурулары (ЖАБ), жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ), пневмония және миокардит аурулары бар балаларды диагностикалау, емдеу және диспансеризациялау мәселелері де шет қалмады. Гипофостазия сияқты зат алмасудағы бұзылыстарды және бой өспеушілікті ертерек диагностикалау мәселесіне айрықша назар аударылды.
Бронхөкпе дисплазиясына шалдыққан шала туған балаларды оңалту проблемаларына, оларды емдеу тактикасына, амбулатория жағдайында оңалту және диспансерлік бақылауға көп көңіл бөлінді. Катамнестика кабинеті мен иммундық дәрілер арқылы арнайы алдын алу шаралары талқыға түсті.
Самарқанд мемлекеттік медицина университетінен келген қонақтар жиі және ара-тұра ауырып тұратын балалар, сондай-ақ пневмонияға шалдыққан, миокардиттері асқанған балалар үшін ем-диагностика проблемаларын талқыға салды. СамММУ амбулатория-поликлиникалық педиатрия кафедрасы мен 1 педиатрия және неонатология кафедрасының қызметкерлері респираторлық тракт, эндокрин және жүрек-қан тамыр патологиясы бар балаларды қабылдап, кеңес берді.
Алуан түрлі бағыттар бойынша баяндамалар жасалып, әртүрлі шараларға толы болған конференция БМСК жағдайында балалар ауруларын диагностикалау мен емдеудегі бірыңғай мультисалалық әдіс-тәсілдер жүйесін түзуге септігін тигізді. Бұл іс-шара оған қатысушылардың білімін молайтып қана қоймай, педиатриялық көмек саласындағы халықаралық ынтымақтастықты да нығайта түсті - бұның балаларға арналған медициналық қызмет түрлерінің сапасын арттыруға оңды әсер етері сөзсіз.
Алматыда қалалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті
- Автор Almaty-akshamy.kz.
- 12:40, 29 мамыр 2024