Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ет бағасы неге «аспандап» кетті? Сарапшылар мен ми...

Ет бағасы неге «аспандап» кетті? Сарапшылар мен министрлік не дейді?

Әлеумет 21.10.2025, 17:56 780
Ет бағасы неге «аспандап» кетті? Сарапшылар мен министрлік не дейді?
Сурет: aqshamnews.kz

2025 жылғы күздің басты экономикалық тақырыптарының бірі - елімізде ет бағасының күрт қымбаттауы. Сауда сөрелеріндегі баға шарықтап тұр, ал етке деген сұраныс азаяр емес. Бұл жағдайға не себеп? Баға тағы өсе ме, әлде тұрақтала ма? Aqshamnews.kz тілшісі сала мамандарының пікірлерін сараптап көрді.

Ет бағасының қымбаттауына не себеп?

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2 қыркүйекте еттің қымбаттау себебін түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, ет экспорты екі есе артқан, бұл ішкі нарықтағы ұсынысқа әсер етіп, бағаның көтерілуіне себеп болған.

«Қазір ішкі нарықта 50 мың тоннадай ет қоры бар. Бұл бірнеше айға жетеді. Әзірге тапшылық жоқ. Бірақ экспорттық сұраныс пен сыртқы қысым бағаға әсер етіп жатыр», - деді ол.

Сонымен қатар, мал өсірушілердің негізгі шығындары - жем-шөп, су, дәрілеу құны айтарлықтай өскен. Вице-министрдің мәліметінше, жайылымда мал баққан шаруалар үшін еттің өзіндік құны 1800–1900 теңге шамасында. Ал нарықтағы бөлшек баға 3500 теңгеден жоғары.

 

Сарапшылар не дейді?

Сала сарапшылары бағаның өсуін тек экспортпен байланыстырмайды. Қазақстанның «Ет одағының» атқарушы директоры Асқар Жұбатыровтың айтуынша, негізгі себеп - мал басының күрт азаюы.

«Соңғы бес жылда мал шаруашылығы табысты сала болудан қалды. Бұрын мал көп болды, нарық тар еді. 2019 жылы экспортқа шектеу қойылғаннан кейін жағдай қиындап, фермерлер шығынға батты. Салдарынан мал басы азайды, ұсыныс қысқарды, ал сұраныс артты», - дейді ол.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзі ірі қара мал саны 2 миллионға, яғни 25%-ға азайғанын растап отыр.

 

Баға әр өңірде әртүрлі

Ет бағасы аймаққа қарай құбылып тұр. Мысалы:

  • Алматы: сиыр еті – 4000-6000 теңге, қой еті – 4000-4500 теңге, жылқы еті – 4500-5000 теңге
  • Ақтау: сиыр еті – 3800-4000 теңге
  • Шымкент: сиыр еті  2700 теңгеден басталады
  • CҚО: сиыр еті - 2000-2500 теңге, жылқы еті - 2500 теңгеден басталады.
  • Ауылдық жерлер: тірідей малдың келісін 1900-2000 теңгеге сатқан жағдайлар да.

Алматы тұрғыны Эльмира есімді азаматша қыркүйек айында жылқы етін 4000 теңгеден алғанын айтады. Қазір қалада сиыр етінің орташа бағасы 6000 теңгеден асып кеткен.

 

Фермер табыс көрмей, делдал ғана пайда тауып отыр

Шаруалар ет бағасының қымбаттауы өздеріне табыс әкелмегенін айтады. Мал бағып, жем-шөбін дайындап, еңбек еткен ауыл адамдары малын арзанға сатуға мәжбүр. Себебі нарықты бақылап отырған - делдалдар мен саудагерлер.

«Еттің көтерме бағасы 3200-3500 теңге. Бірақ тұтынушыға жеткенше баға екі еселеніп кетеді», - деп түсіндіреді министрлік.

Алда - соғым науқаны: баға тағы өсуі мүмкін

Соғым маусымы таяп келеді. Суық өңірлерде бұл науқан желтоқсанға қарай жүрсе, оңтүстікте қарашадан-ақ сойыс басталады. Яғни, ет бағасы бұдан бетер қымбаттай түсуі әбден мүмкін. Себебі, бағада тұрақтылық жоқ дейді. Азын-аулақ мал өсіріп, күзде оның пайдасын көріп отырған Олжас есімді шаруа қазір жылқыға қарағанда сиырдың бағасы жоғары екенін айтады. Бір тайдың орташа бағасы 400 мың теңге болса, сиырлардың бағасы жарты миллионнан асып кетсе керек. Осыған қарап-ақ, ет бағасын болжаммен бағамдай берсе болады, - дейді ол.

Шарықтаған ет бағасы енді  арзандай ма?

Мамандардың пікірінше, ет бағасының тұрақталуы кемінде 3–4 жыл уақытты қажет етеді. Ол үшін:

  • Ірі қара мал басын қалпына келтіру,
  • Фермерлерге қолжетімді қаржыландыру тетіктерін енгізу,
  • Делдалдардың араласуын азайту қажет.

Ал әзірге ет бағасының төмендеуі емес, біртіндеп қымбаттай беруі ықтимал.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ет #соғым #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика