AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Тараз бен Қазақ қалалары бауырластық қатынас орнат...

Тараз бен Қазақ қалалары бауырластық қатынас орнатты

Әлем 21.10.2025, 21:36 883
Тараз бен Қазақ қалалары бауырластық қатынас орнатты
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі

Әзербайжан Президенті И. Әлиевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Тараз және Қазақ қалалары арасында бауырластық қатынас орнату жөніндегі хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әзербайжанның қазақтар үшін ерекше атауы бар қаласының тарихы туралы Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел айтып берді.

«Қазақ — Әзербайжанның әсем қалаларының бірі, ол Грузия мен Армения шекарасына жақын орналасқан. Біз осы атаудың этимологиясына қатысты шағын зерттеу жүргізіп, қызықты деректерге тап болдық.

16 ғасырдың басында әзербайжан-парсы билеушісі шах Исмаил мен Мұхаммед Шайбани хан арасында соғыс болған. Ал Мұхаммед Шайбани қазақ ханы Қасымның бөлеcі болғандықтан Қасым хан оған көмекке жасақ жіберген. Шайқаста тұтқынға түскен қазақ жауынгерлерін шах Исмаил Кавказға қоныстандырған. Сол кезден бастап қазақ батырлары орын тепкен бұл өңір «Қазақ» деп аталып кеткен.

Бүгінде Әзербайжанның солтүстік-батысында Қазақ ауданы мен Қазақ қаласы бар. Қазақ ауданында антропологиялық тұрғыдан қазақтарға ұқсайтын адамдарды осы күнге дейін кездестіруге болады. Мәселен, әзербайжандық тұңғыш әскери ұшқыш Фаррух Аға Гаибовтың суретіне көз салсаңыз жеткілікті. Қазақ ауданы — Әзербайжанда құрт әзірленетін жалғыз аймақ. Сондай-ақ, мұндағы тұрғындар жылқыны ерекше жақсы көреді және өздерінің ақындарын — ашықтарды қадірлейді. Өр мінезді болып келеді.

Осының барлығын ескеріп, Қазақ қаласының көне Таразбен бауырлас болғанын жөн санадық. Себебі Тараз — XV ғасырда Қазақ хандығы құрылған өңірде орналасқан. Бұл символдық қадам бауырлас халықтарды одан сайын жақындата түседі.

Жалпы, Әзербайжанда ортақ тарихымызды паш ететін көптеген топонимдер бар. Мысалы, Қыпшақ және Жалайыр деп аталатын елді мекендер бар, сақтармен байланысты атаулар кездеседі. Демек, бүгінгі стратегиялық әріптестігіміз бен бауырластық байланысымыз берік тарихи іргетасқа негізделген. Кәсіби тарихшыларымыз көне дәуірдің осы қызықты беттерін зерттесе игі еді».

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тараз #Қазақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күні: «Әнім сенсің, Алматы!» атты мерекелік концерті өтті

Бүгін 20:06

ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бүгін 17:46

ALMA-FEST CIRCUS – Алматы күніне арналған үш күндік цирк мерекесі

Бүгін 17:42

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:30

РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);