Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Қайрат" - Пафос" матчі: кипрлік жанкүйерлер Алмат...

"Қайрат" - Пафос" матчі: кипрлік жанкүйерлер Алматы туралы ерекше әсерлерін бөлісті

Спорт 21.10.2025, 19:46 439
"Қайрат" - Пафос" матчі: кипрлік жанкүйерлер Алматы туралы ерекше әсерлерін бөлісті
сурет: Vecher.kz

Кипрден келген жанкүйерлер Алматының сұлулығына тәнті болып, «Қайрат» клубының жейдесін сатып алды. Бүгін Орталық стадионда өтетін алматылық «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы маңызды кездесу алдында стадион маңында қызу дайындық жүріп жатыр, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Құқық қорғау қызметкерлері мен волонтерлермен қатар, стадион аумағында екі команданың жанкүйерлері де жиналып жатыр. Өз командасын қолдау үшін Алматыға Кипрдан да шетелдік жанкүйерлер келді.

Кипрлік жанкүйерлер Димитрис Астрос пен Переклис Завридис Алматыда алғаш рет екенін айтып, қаланың қонақжайлығы мен тазалығына, әсемдігіне ерекше әсер алғандарын жеткізді. Матч алдында олар «Қайрат» футбол клубының фирмалық дүкеніне кіріп, кәдесыйлар сатып алған. Олардың бірі алматылық клубтың жейдесін естелік әрі құрмет белгісі ретінде алғанын айтты.

"Біз Алматыда алғаш ретпіз, бұл қала бізді таңғалдырды. Мұнда өте әдемі, таза әрі адамдар мейірімді. Мен "Пафостың“ жеңісіне сенемін, бірақ "Қайрат“ та мықты қарсылас. Тіпті сіздердің тауларыңызға да барып үлгердім. Ұмытылмас әсер қалдырды!" - деді Димитрис Астрос.

Ал Переклис Завридис Алматыны заманауи әрі спортты сүйетін қала ретінде сипаттап, мұндағы ерекше атмосфераны атап өтті:

"Бұрын "Қайрат“ жайлы көп біле бермейтінмін, бірақ клуб Чемпиондар лигасына шыққаннан кейін қызығушылығым артты. Бүгін әдемі ойын күтемін. Алматы - таза, жайлы және өте жылы қала екен",- деді жанкүйер.

Алдағы матч тек спорттық бәсеке емес, түрлі елдің жанкүйерлерін біріктіретін мерекелік шара болмақ. Алматы тағы да спорт арқылы достық пен халықаралық ынтымақтастықтың қаласы екенін дәлелдеп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайрат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі