Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Республика күніне орай «Жанашыр жүрек» ат...

Алматыда Республика күніне орай «Жанашыр жүрек» атты еріктілер акциясы басталды

Барлығы 21.10.2025, 17:58 630
Алматыда Республика күніне орай «Жанашыр жүрек» атты еріктілер акциясы басталды
almaty-akshamy.kz

Алматыда Республика күніне арналған ауқымды «Жанашыр жүрек» акциясы басталды. Іс-шара қалалық еріктілер фронт-кеңсесінің бастамасымен және Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткізіліп жатыр.

16-25 қазан аралығында акция аясында 20-дан астам түрлі іс-шара ұйымдастырылуда. Солардың қатарында «Qamqor bol» үйсіз жандарға ыстық шай мен тағам тарату, қарттар үйінде шығармашылық кеш өткізу, ашық аспан астындағы J-FEST концерті, жастар пікірсайыс турнирі және әлеуметтік нысандарды тазалау мен абаттандыруға арналған «Әлеуметтік шеберхана» акциясы бар. Сонымен қатар Republic Day атты онлайн челлендж іске қосылып, белсенді жастар мен блогерлер игі ісін айтып, қала тұрғындарын мерекемен құттықтап жатыр.
 
«Алматылық еріктілер ізгіліктің – уақытша науқан емес, өмір салты екенін көрсетіп келеді. «Жанашыр жүрек» – балалар үйлеріне, қарттар үйіне көмек көрсететін, экологиялық және әлеуметтік жобалар ұйымдастыратын, аз қамтылған отбасыларға қолдау білдіретін жастарды біріктіретін дәстүрге айналды. Біз Алматыдан бастау алған мейірім толқынының өзге өңірлерге де шабыт беріп жатқанына қуаныштымыз», – деді қалалық Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Алдағы күндері «Жанашыр жүрек» акциясы аясында экологиялық сенбілік Eco Day, Қан орталығымен бірлесе өтетін қан тапсыру акциясы, сондай-ақ еліміздің танымал тұлғалары туралы бейнероликтер топтамасын қамтитын «Elge qyzmet» жобасы жүзеге аспақ. Бұған қоса, балалар үйі тәрбиеленушілері арасында спартакиада және патриоттық бағыттағы зияткерлік ойын Almaly Night ұйымдастырылады. Барлық іс-шара алматылық жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, мейірімділік мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. 

«Республика күніне арналған «Жанашыр жүрек» акциясы жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және еріктілік мәдениетін дамытуға бағытталған кешенді бастамалардың бірі. Республика күні – тәуелсіз еліміздің берік іргетасын қалаған ұлық мереке. Айтулы мерекеге орай қолға алынған игі істер жастардың патриоттық рухын күшейтіп, ел дамуына үлес қосуға ынталандырады. Біз алматылық еріктілердің белсенділігін, қоғам игілігі үшін жасап жатқан нақты істерін жоғары бағалаймыз», – деді «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрайымы Бағдат Анарбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ерікті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі