«Объективте – Астана айшықтары» атты фотокөрме өтеді

«Объективте – Астана айшықтары» атты фотокөрме өтеді Астана ақшамы

Астанада Республика күні мерекесіне және «Еlorda Аqparat» медиахолдингіне қарасты «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттерінің 35 жылдық мерейтойына арналған «Объективте – Астана айшықтары» атты фотокөрме өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Көрменің басты мақсаты – тәуелсіздік жылдарындағы Астананың қалыптасу, даму және өркендеу жолын фотообъектив арқылы көрсету, сондай-ақ кәсіби фотожурналистика өнерін дәріптеу.

Көрмеге «Еlorda Аqparat» медиахолдингі құрамындағы редакцияларда қызмет ететін Сұлтан Сейітов, Василий Крась және Оңалхан Өнерхан сынды фототілшілердің еңбектері қойылады. Әрқайсысының туындылары Астананың тыныс-тіршілігін, сәулеттік келбетін, тарихи сәттері мен адамдарының бейнесін шебер жеткізеді.

Көрмеге қойылған суреттер елорданың әр кезеңіндегі даму динамикасын: жаңа астананың алғашқы құрылыс сәттері, тәуелсіздік жылдарындағы басты тарихи оқиғалар, заманауи архитектура мен мәдени өмір, елорда тұрғындарының өмірінен алынған репортаждық сәттер бейнеленген.

Көрме – елорда жылнамасын фотообъектив көзімен шолып, Астананың айшықты бейнесін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:39

17:55

17:33

17:10

16:57

16:40

16:28

16:11

15:59

15:41

15:15

15:01

14:56

14:36

14:16

14:07

12:33

12:16

12:02

11:47

11:33

11:15

11:11

11:01

10:47