Алматыда қажетсіз дәрі-дәрмекті экологиялық залалсыздандыруға болады

Алматыда қажетсіз дәрі-дәрмекті экологиялық залалсыздандыруға болады Сурет: Самат Құсайынов

Алматыда дәрілерді экологиялық түрде кәдеге жаратуға жол ашатын қабылдау пункттері жұмыс істей бастады. Яғни маусымнан бастап мегаполистің 36 емханасына арнайы контейнерлер орнатылды. Тұрғындар колданылмаған, жартылай пайдаланылған немесе сақтау мерзімі өтіп кеткен дәрілік препараттарды сол қорапқа салып кетуіне болады.

Жоба Алматы қаласы әкімдігінің, ECO Network экологиялық ұйымының және STADA халықаралық фармацевтикалық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Ұйымдастырушылар дәрілік заттардың қауіпті қалдықтар санатына жататынын айтып отыр. Олардың көзін дұрыс жоймаған жағдайда, құрамындағы белсенді заттар топырақ пен суға өтіп, онда жылдар бойы сақталып, табиғи экожүйені бұзуы мүмкін.

Proxima Research сараптамалық компаниясының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы Қазақстанда 1,46 миллиард орам дәрі тұтынылған. Сонымен қатар, көптеген препарат пайдаланылмай қалып, уақыт өте келе оларды қауіпсіз түрде жою қажеттілігі туындайды. Дәрілерді қабылдау пункттерін құру фармацевтикалық қалдықтарға жауапкершілікпен қарап, өңдеу мәдениетін қалыптастыруға және олардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз.
Қабылдауға жарамды заттарға тек таблетка мен капсула, жақпа, крем, гель, ампула, флакон, сироптар және дәрілік сұйық ерітінділер жатады. Шприц, инелер, инфузиялық жүйелер және қанмен жанасқан кез-келген медициналық қалдықтар қабылданбайды, оларды арнайы медициналық ұйымдарда арнаулы түрде кәдеге жарату қажет.

”Еуропа елдеріне қарағанда, Қазақстанда дәрілік заттарды қауіпсіз түрде кәдеге жарату жүйесі әлі қалыптаспаған. Алматылықтарға дәрілерді тиісті тәртiппен қайта өңдеуге тапсыруға болатын мүмкіндік ұсына отырып, әр азаматқа қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосу үшін жағдай жасағымыз келеді. Бүгінде қажетсіз дәрілер әлі де қоқысқа тасталып немесе кәрізге төгілуде. Ал бұл экожүйеге, адам денсаулығына қауіп төндіреді. Жиналған дәрілердің қауіпсіз және экологиялық талаптарға сай кәдеге асуын арнайы мамандандырылған ұйым қамтамасыз етеді. Кәдеге жарату процесі ашық, әрі бақыланатын болады”, – дейді ECO Network ұйымының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

18:05

17:52

17:51

17:47

17:44

17:40

17:26

17:06

16:29

16:17

16:12

15:59

15:38

15:22

14:44

14:41

14:18

14:08

14:03

13:36

12:53

12:42

12:32

12:19