AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстандық cleantech-стартаптар Қытайдағы ШЫҰ-ғ...

Қазақстандық cleantech-стартаптар Қытайдағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ІV жастар байқауында үздіктер қатарына ілікті

Саясат 12.06.2025, 16:20 722
Қазақстандық cleantech-стартаптар Қытайдағы  ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ІV  жастар байқауында үздіктер қатарына ілікті
Сурет: Gov.kz

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Тұрақты даму жылы және БҰҰ ұйымдастырған Дүниежүзілік шығармашылық және инновациялық қызмет күні аясында Қытайдың Циндао қаласында ШЫҰ-ға мүше елдердің IV Жастар инновациялар және кәсіпкерлік байқауы өтті. Іс-шарада өңірдің ғылыми және стартап-ортасының үздік өкілдері бас қосып, ол жаһандық сын-қатерлерді шешуге бағытталған нағыз озық идеялар сөресіне айналды.

Байқаудың мақсаты – жас кәсіпкерлерді ілгерілету ғана емес, инновациялық ынтымақтастықтың мемлекетаралық экожүйесін қалыптастыру, оның басты межесі - тұрақты даму, цифрландыру және экологиялық шешімдер. Қазақстанның қарымды өкілдігі форумның жарқын акцентіне айналды. Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (ХЖТИЖО) базасында GCIP-Kazakhstan акселерациялық бағдарламасынан өткен үш стартап финалистердің қатарына ілікті және қазылар алқасының наградаларымен марапатталды.

- Үшінші орынды «Өзін-өзі ақтайтын декарбонизация және сарқынды суларды тазарту технологиясы» – өнеркәсіптік экология саласындағы практикалық шешім әзірлемесімен Science and Technology Water Center жобасы иеленді.

- Smart Energy Solutions энергетикалық жүйелерді цифрландыруға бағытталған AMI Data Analytics инновациялық платформасы үшін үздік жетістіктері үшін сыйлық алды.

- Электрондық қалдықтардан аса маңызды материалдарды қалпына келтірумен айналысатын Kaz-REEcycling жобасы циклдік экономикаға перспективалы тәсілді ұсына отырып, финалист болды.

GCIP-Kazakhstan мен ХЖТИЖО: жаһандық ауқымдағы жергілікті даму.

Қазақстандық жобалардың осындай беделді халықаралық байқауға қатысуы отандық cleantech-сектордың жетілгендігі мен өршілдігін көрсетеді. Жаһандық әріптестердің қолдауымен ХЖТИЖО жүзеге асырып жатқан GCIP-Kazakhstan бағдарламасы бір мезгілде экономикалық өсуге, экологиялық тұрақтылық пен технологиялық жаңғыртуға ықпал ететін шешімдерді қолдау, масштабтау және нарыққа шығару сияқты өзінің негізгі миссиясын орындап жатыр.

Қабылдаушы тараптың атынан қатысушыларды Циндао Халық жиналысының Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Хань Шоусинь және ҚХР Ғылым және технология министрлігінің өкілдері қарсы алды. ШЫҰ Хатшылығының кеңесшісі Қайрат Байтасов байқаудағы әрбір жоба – жай ғана бизнес-идея емес, XXI ғасырдың сын-қатерлеріне: жасанды интеллектіден бастап тұрақты энергетикаға дейінгі нақты жауап екенін ерекше атап өтті.

ХЖТИЖО КЕАҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Сәкен  Қалқамановтың айтуынша, «Қазақстан ШЫҰ аймағының ортақ ғылыми-инновациялық кеңістігін қалыптастырудағы маңызды рөлін растап отыр. Бүгінде ел тек технологиялық шешімдерді тұтынушы ғана емес, сонымен қатар экологиялық мағына мен құндылықтарды экспорттаушы ретінде экономиканы интеллект, кәсіпкерлік және әріптестік арқылы түрлендіріп келеді».

Анықтама:

Global Cleantech Innovation Programme (GCIP)-Kazakhstan –таза технологиялар саласындағы жаһандық инновациялық бағдарлама –  Дүниежүзілік экологиялық қор (ДЭҚ) мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымының (ЮНИДО) негізгі флагмандық бастамаларының бірі болып табылады. Бағдарлама экологиялық таза технологиялар саласындағы инновациялар мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. GCIP бағдарламасы перспективалы стартаптарды анықтау, оларды қолдау, дамыту, коммерцияландыру және нарыққа шығару бойынша практикалық құралдарды ұсынады. Сондай-ақ, бағдарлама Қазақстанда төмен көміртекті және ресурсты үнемдейтін даму бағытын ілгерілету мақсатында халықаралық үздік тәжірибелерді енгізуді көздейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#cleantech-стартаптар #Қытай #ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер #жастар байқауы #үздіктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44

Алматыда «Nauryz Fest» мерекелік концерті көктемнің шуақты мерекесін қарсы алды

Бүгін 12:31

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика