Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Экономикалық тұрақтылық: ЖІӨ 6 пайызға өсті

Экономикалық тұрақтылық: ЖІӨ 6 пайызға өсті

Экономика 12.06.2025, 11:06 665
Экономикалық тұрақтылық: ЖІӨ 6 пайызға өсті
Сурет: интернеттен

Биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 6 пайызға өсті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 
 
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6 пайызға өскен.

Мұндай нәтижеге өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап сауда, көлік жәнебайланысқа дейінгі негізгі салалардағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал етті.

Өнеркәсіп өндірісі 6,4 пайызға артты. Елдің 17 өңірінде өсім байқалды: ең жоғары өсім +22,9 пайыз көрсеткішімен кен өндіру, тыңайтқыштар, портландцемент пен қант өндірісінің белсенді дамуының нәтижесінде Жамбыл облысында тіркелді. Түркістан және Жетісу облыстарында өндіріс 14,8 пайызға, Алматы қаласында 14,1 пайызға өсті. Шымкент қаласында өсім 18,9 пайызға жетті.

Ауыл шаруашылығындағы өсім 4,0 пайызды құрады (қаңтар-сәуір айларындағы 3,9 пайызбен салыстырғанда). Ең айқын өсім Атырау облысында (+10,4 пайыз), Солтүстік Қазақстан облысында (+7,5 пайыз) және Ақмола облысында (+6,5 пайыз) тіркелді, бұл негізінен мал мен құс сойымының артуы есебінен болды. Түркістан облысында өсім 6,3 пайызды, Абай облысында – 3,6 пайызды, ал Қостанай облысында – 4,8 пайызды құрады.

Құрылыс саласы қарқынды дамып келеді, 15,4 пайызға өсті. Он сегіз өңірде өсім тіркелді, ал Маңғыстау облысында мектептер, тұщытқыш зауыт, мұнай және су құбырларын қайта жаңарту, аудандық аурухана және автожолдарды жөндеу сияқты ауқымды жобалардың арқасында жұмыс көлемі екі есеге артты. Қызылорда облысында өсім 64,5 пайызды, Қостанайда – 57,8 пайыз, Астанада – 51,8 пайыз, Түркістан облысында – 46,6 пайыз болды. Тұрғын үй құрылысы да қарқын алып келеді: бес айдың ішінде 6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырмен салыстырғанда 5,7 пайызға көп. Ең белсенді құрылыс Түркістан облысында (+25,5 пайыз), Шымкент қаласында (+23,4 пайыз) және Алматы облысында (+20,4 пайыз) байқалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция18,2 пайызға артты. Бұл өсім көлік, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға, сондай-ақ жабдықтар мен жаңа өнеркәсіптік нысандарға бағытталған қаржы салымдарының есебінен қамтамасыз етілді.

Сауда айналымы 7,8 пайызға артты (қаңтар-сәуір айының қорытындысындағы 7,0 пайызбен салыстырғанда). Ішкі сауда құрылымында көтерме сауданың үлесі шамамен 68 пайызды құрайды. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында көтерме сауда 8,3 пайызға, бөлшек сауда 6,5 пайызға өсті.

Өсім қарқыны бойынша Түркістан облысы (+66,2 пайыз), Ақмола облысы (+48,9 пайыз) және Шымкент қаласы (+23,1 пайыз) алдыңғы қатарда.

Байланыс және телекоммуникация саласы 2,8 пайызға өсті. Бұл Интернет желісі қызметтері есебінен (+13,9 пайыз).

Көлік саласы 23,1 пайыздық өсім көрсетті — бұл көбінесе жүк теміржол көлігінің (+17 пайыз) және құбыр арқылы тасымалдаудың өсуінебайланысты (+13,8 пайыз). Ең жоғары өсім Жетісу облысында (+39,1 пайыз), Абай облысында (+17,7 пайыз) және Ақтөбе облысында (+11,3 пайыз) тіркелді.

Үкімет елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі Президенттің тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауда ұстауды жалғастырып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ЖІӨ #ішкі өнім #экономика #Қаржы-экономика саласы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика