AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші ең жоғары үш обл...

Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші ең жоғары үш облыс анықталды

Әлеумет 12.06.2025, 14:24 654
Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші ең жоғары үш облыс анықталды
Сурет: Astanatv.kz

Демография – өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының айнасы.

2025 жылдың алғашқы тоқсанында елімізде 106 111 бала туылып, 42 628 адам қайтыс болған. Осылайша, Қазақстандағы табиғи өсім 63 мыңнан астам адамды құрады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

"НК" дерегінше, Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, соңғы бір жыл ішінде Қостанай облысында өлім-жітім көрсеткіші әр 1000 адамға шаққанда 10,10 болған. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Алғашқы қатарда Солтүстік Қазақстан облысы (11,51) мен Шығыс Қазақстан облысы (11,25) тұр.

Жоғары өлім-жітімнің басты себебі – халықтың жастық құрылымында. Яғни, егде жастағы адамдар үлесі көп.

Қостанай облысының халқы – 824 624 адам, бұл Қазақстан халқының шамамен 4,1%-ы. Облыстағы қалалық халықтың үлесі 63%-дан асып, бұл республикалық орташа көрсеткіштен (56%) жоғары. Бұл аймақта урбанизация деңгейі ел бойынша орташа деңгейден жоғары екенін білдіреді.

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қостанай облысында 1922 нәресте дүниеге келіп, 1863 адам көз жұмған. Осылайша, табиғи өсім небары 59 адамды құрады. Бірақ бұл жағымды тенденцияны көрсетеді: өлім-жітім деңгейі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға төмендеген.

Миграция – ойлануға тұрарлық жеке мәселе. Тек 2025 жылдың алғашқы үш айында облыс миграция нәтижесінде 1004 адамға азайған. Бұл негізінен ел ішіндегі көш-қонға байланысты – мыңнан астам адам Қазақстанның басқа облыстарына қоныс аударған.

"Негізгі себеп – экономикалық және білім алу мүмкіндіктерін іздеу. Жастар Астанаға, Алматыға және еліміздің батыс өңірлеріне қоныс аударуда", – деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #демография #Өлім-жітім #жоғары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика