Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан Түркі мемлекеттері жиынында отбасылық жә...

Қазақстан Түркі мемлекеттері жиынында отбасылық және гендерлік саясат үлгісін таныстырды

Саясат 12.06.2025, 15:04 626
Қазақстан Түркі мемлекеттері жиынында отбасылық және гендерлік саясат үлгісін таныстырды
Сурет: Gov.kz

Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) отбасы және әлеуметтік саясат мәселелеріне жауапты министрлері мен мекеме басшыларының екінші отырысы аяқталды.

Жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Мажарстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркия өкілдері қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Биылғы жиынның тақырыбы – «Қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі: тұрақты даму және дәстүрлі құндылықтар».

Халықаралық кездесудің мақсаты – түркі халықтары арасында әйелдер мен отбасына қатысты саясат саласында ортақ құндылықтар бойынша ынтымақтастықты нығайту және тереңдету.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров Қазақстанның гендерлік және отбасылық саясатының негізгі бағыттарымен таныстырды. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселелерге айрықша көңіл бөлетінін атап өтіп, елде гендерлік теңдік орнатып, отбасы институтын нығайту үшін қажетті заңнамалық және институционалдық негіздер жасалғанын айтты.

Отырыс барысында басқа елдердің өкілдері де өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, делегаттар алғашқы отырыс Декларациясының орындалу барысын, бірлескен жобалар мен оқыту бағдарламаларын талқылады. Сондай-ақ, әйелдердің әлеуметтік-экономикалық рөлін арттыру, дәстүрлі құндылықтарды сақтау, отбасыларды цифрландырумен байланысты жаһандық қауіп-қатерлерден қорғау мәселелері де күн тәртібінде болды.

Кездесу қорытындысы бойынша, ТМҰ аясындағы отбасы және әлеуметтік саясат мәселелеріне жауапты министрлер мен мекеме басшыларының үшінші отырысын 2026 жылы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Түркі мемлекеттері #жиын #отбасылық және гендерлік саясат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика