Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда гендерлік сезімтал бюджетті енгізу бой...

Қазақстанда гендерлік сезімтал бюджетті енгізу бойынша жол картасы әзірленуде

Әлеумет 12.06.2025, 11:46 734
Қазақстанда гендерлік сезімтал бюджетті енгізу бойынша жол картасы әзірленуде
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде гендерлік сезімтал бюджетті (ГСБ) енгізу мәселесіне арналған отырыс өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілі Жұлдызай Ысқақова, ҚР Парламентінің депутаттары, еліміздегі БҰҰ-Әйелдер құрылымының өкілдері, сондай-ақ гендерлік саясат саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында Қазақстандағы қазіргі жағдайға жасалған талдау нәтижелері мен халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерді ескере отырып әзірленген ГСБ енгізу жөніндегі жол картасының жобасы талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Аталған бастама барлық деңгейдегі бюджеттерді тиімді жоспарлау жүйесін әзірлеу, заңнамалық базаны жетілдіру, гендерлік сараптама енгізу, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және басқа да бағыттарды қамтиды.

Гендерлік сезімтал бюджетті енгізу Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында белгіленген. Бұл бастама әлеуметтік әділетті бюджетті қалыптастыруға және инклюзивті қоғам құруға бағытталған.

Айта кету керек, гендерлік сезімтал бюджеттеу – бюджетті жоспарлау кезінде әйелдерге қандай да бір артықшылық беру емес, әйелдер, жастар, балалар мен әлеуметтік осал топтардың мүдделерін барынша ескеру арқылы бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #гендерлік сезімтал бюджет #жол картасы #әзірлеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика