Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенатта азаматтық қорғау туралы заң қаралды

Сенатта азаматтық қорғау туралы заң қаралды

Әлеумет 12.06.2025, 17:11 604
Сенатта азаматтық қорғау туралы заң қаралды
Сурет: Gov.kz

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылау бойынша пленарлық отырыс өтті.

Заң азаматтық қорғау жүйесін кешенді жетілдіруге, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық мәртебесін жақсартуға, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормаларды өзектендіруге, азаматтық қорғаныс тетіктерін дамытуға және төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Заң қауіп-қатерлерге ден қоюдың құқықтық және ұйымдастырушылық негізін күшейтуге мүмкіндік береді, Қазақстан Республикасында азаматтық қорғау жүйесінің орнықты жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды.

Заң Мемлекет басшысына қол қоюға енгізілетін болады.

Заңда өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс және сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы жекелеген талаптар күшейтілді. Заңнамадағы негізгі өзгерістер:

Өрт қауіпсіздігі: Енді биіктігі 28 метрден асатын адамдар көп баратын объектілер мен ғимараттар пайдалануға берілген кезде ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды береді. Өрт салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келтірілген жағдайда, адамдар көп баратын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жүйесі енгізілуде.

Ерікті өртке қарсы құралымдар: Заң еріктілердің жарақаттануы немесе қаза табуы кезінде төлемдерді белгілейді, сондай-ақ олардың жалақысын сақтайды және өртті сөндіру кезеңінде негізгі еңбек міндеттерінен босатады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік: ТЖ министрлігіне қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру бойынша тау-кен жұмыстарының жоспарын келісу өкілеттіктері беріледі. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін ғимараттар мен құрылыстардың мамандандырылған кешенімен, оқу-жаттығу полигонымен, шаң-газ талдау зертханасымен, арнайы техникамен және жабдықпен жарақтандыру талаптары енгізіледі. Сонымен бірге қауіпті өндірістік объектілерге қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың ерекше тәртібі енгізілуде.

Сейсмикалық қауіпсіздік: объектілер мен инфрақұрылымның сейсмикалық әсерлерге тұрақтылығын арттыру мақсатында заңға сейсмикалық қауіпсіздікке қатысты нормалар енгізілді.

Азаматтық қорғаныс: жылжымайтын мүлік объектісі ретінде құқықтық кадастрда қорғаныш құрылыстарын тіркеу енгізілуде. Халықты қорғау үшін түрлендірілген жерасты паркингтері мен жертөлелерді қоса алғанда, «қарапайым пана» деген жаңа түсінік енгізілуде. ҚР Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау бойынша өкілеттіктер беріледі.

Мемлекеттік бақылау: ТЖ министрлігіне орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге қатысты төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі бақылау функциясы беріледі.

Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау: азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін басқа өңірлерге ротациялау кезінде тұрғын үй төлемдері мен қосымша төлемдер енгізіледі. Төтенше жағдай кезеңінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерлерде міндеттерді орындау кезінде үш есе мөлшерде үстемеақы белгіленеді және санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі. Бұл шаралар қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және білікті мамандарды тартуға бағытталған.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cенат #Азаматтық қорғау #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика