AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Тереңқұр бойындағы таңғы би: сергектік пен шабыт к...

Тереңқұр бойындағы таңғы би: сергектік пен шабыт көзі

Барлығы 12.06.2025, 14:19 842 Әспет Бақытжанқызы
Тереңқұр бойындағы таңғы би: сергектік пен шабыт көзі
Сурет: автор

Жаз – көңіл көтеретін, сергектік пен серуеннің маусымы. Әсіресе, әсем Алматыда таза ауада дене қозғалысына ден қойған жандардың қатары артып келеді. Бұл маусым — денсаулықты жақсартып, пайдалы әдеттерді қалыптастыру үшін таптырмас мүмкіндік. Бірі таңғы жүгіруді таңдаса, бірі серуен құрады, енді бірі тіпті биді серік етеді.

Солардың бірі – таңғы биді күнделікті дағдыға айналдырған ерекше жандар тобы. Олар аптасына екі рет Тереңқұр бойында жиналып, таза ауада көңілді ырғақпен билейді. Бұл топты хореограф, өнер саласының ардагері — 72 жастағы Алмат Құмаржанов басқарады.

Алмат аға — кәсіби хореограф, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 15 жылдан бері хореография пәнінен сабақ береді. Бұған дейін Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 20 жылдай еңбек еткен. Өзі де осы академияда режиссер-хореограф мамандығын тәмамдаған.

Биді 18 жасынан бері серік еткен Алмат Құмаржанов ашық далада, таза ауада би сабағын үйретуді шамамен екі жарым ай бұрын бастаған. Алғашында хореограф салауатты өмір салтын сақтау клубына өзінің оқушысының кеңесімен өз қызығушылығымен  үшін келеді. Ал клуб жетекшісі болса, сол жерде би жаттығуын өткізуді ұсынып, таңғы би идеясы осылай жүзеге асып кетеді. 
Таңғы 7:45-те басталатын бұл сабақтарға негізінен орта және үлкен жастағы азаматтар келеді.

– Би деген – қозғалыс. Ал көшеде жүргенде дұрыс тыныс алмаймыз. Демді ала беріп, ішке кірген көмірқышқыл газын толық шығармаймыз. Ал би – дұрыс тыныс алуға үйретеді. Маған ең алдымен, музыканың өзі ұнайды. Қазақ музыкасы өте бай, – дейді Алмат Құмаржанов.

Қатысушылар не дейді?

Биді күнделікті дағдыға айналдырып үлгерген қатысушылардың бірі — 45 жастағы Назгүл Танашева. Ол екі айдан бері осы таңғы биге қатысып жүр.

– Қазір аяқ-қолым бірге қозғалады. Қимылдар мен жаттығуларды толық түсініп, қайталап жүрмін. Бұрын бәрін шатыстырып алатынмын. Енді қозғалыстарым синхронды, денем икемге келіп қалды. Өзімді белсенді сезінемін, биге қатысқан күні жұмысқа барғанда да көңілім көтеріңкі, өзімді жақсы сезініп жүремін. Сағат 9-ға дейін биге қатысып, кейін жұмысқа үлгеремін, – дейді ол.

Сіз де таза ауада сергіп, көңіл көтергіңіз келсе — таңғы биге қосылыңыз! Қозғалыс — денсаулықтың кілті. Алмат Құмаржанов сынды белсенді қозғалысты насихаттап жүрген жандар қатарына қосыламын деушілерге Тереңқұр бойында би жаттығулары сейсенбі және бейсенбі күндері таңғы 7:45-те өтеді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тереңқұр #таңғы би #Алмат Құмаржанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Кеше 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);