Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Иранға бидай экспортын жылына 2 млн тонн...

Қазақстан Иранға бидай экспортын жылына 2 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр

Әлеумет 12.06.2025, 14:44 697
Қазақстан Иранға бидай экспортын жылына 2 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр
Сурет: Gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Астана қаласына келген Иран делегациясымен, атап айтқанда Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезелдже мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында дәнді-дақылдар экспорты мәселесіне ерекше назар аударылды. 2024 жылғы қыркүйектен бері Қазақстан Иранға жаңа өнімнен 960 мың тонна астық экспорттаған, бұл өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 17 есе көп. Жоспар бойынша, бидай экспортының көлемі жылына 2 млн тоннаға, ал арпа экспорты 1 млн тоннаға дейін жеткізілмек, деп хабарлайды aqshamnews.kz АШМ ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Біз Иранға дәнді және майлы дақылдарды экспорттауда жоғары әлеует бар екенін көріп отырмыз. Қазақстан жыл сайын 500 мың тоннаға дейін күнбағыс майы мен күнжара жеткізе алады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы инвестициялық серіктестікті дамыту – келешегі зор бағыт», — деді Айдарбек Сапаров.

Тараптар өзара сауданы арттыру мәселелерін де қарастырды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы аграрлық саладағы тауар айналымы 220,1 млн АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 33,2%-ға артты. 2025 жылдың алғашқы төрт айында бұл көрсеткіш 139%-ға өсіп, 151,1 млн АҚШ долларына жетті. Оның ішінде Қазақстаннан экспорт көлемі үш есе өсіп, 116,7 млн долларды құрады. Негізгі жеткізілетін өнімдер қатарында арпа, майлы дақылдар, ет, өсімдік майы, жүгері және бұршақ дақылдары бар.

Иранның Ауыл шаруашылығы жихады министрі ынтымақтастықты, соның ішінде технологиялық бағыттағы әріптестікті кеңейтуге дайын екенін білдірді.

«Иран астық, әсіресе бидай мен арпа сатып алуды ұлғайтуға мүдделі. Біз қазақстандық жеткізушілермен ұзақмерзімді келісімшарттар жасауға дайынбыз, сондай-ақ инженерлік суару жүйелері, ветеринария және асыл тұқымды мал генетикасы салаларындағы тәжірибе мен технологиялармен бөлісуге әзірміз. Иран компаниялары Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатыр, біз инвестициялық қатысуды кеңейтуге зор әлеует барын көріп отырмыз», — деп атап өтті Голамреза Нури Гезелдже.

Айдарбек Сапаров екіжақты Ауыл шаруашылығы жөніндегі Жұмыс тобы аясындағы ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады. Аталған топтың алғашқы отырысы биылғы ақпанда Тегеранда өткен болатын.

«Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Иран арасындағы серіктестікті дамытуға жаңа серпін беретініне сенімдімін. Ауыл шаруашылығы кешені – екі ел арасындағы өзара сауданы 3 млрд долларға дейін арттыру мақсатына қол жеткізудегі негізгі тіректердің бірі болмақ», — деп түйіндеді министр.

Келіссөздердің маңызды нәтижесі ретінде екі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстанның Астық одағы мен Иранның Азық-түлік өнеркәсібі қауымдастығы дәнді дақылдар, мал азығы мен қоспалар саудасын дамыту, сондай-ақ ирандық порттық инфрақұрылымды өнім логистикасында пайдалану жөнінде уағдаласты.

Сонымен қатар, «Теміртау Трейд» ЖШС мен Иранның Азық-түлік өнеркәсібі қауымдастығы ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу саласында меморандумға қол қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Иран #бидай #экспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика