конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазхром 30 жылдығы қарсаңында 40 миллионыншы тонна...

Қазхром 30 жылдығы қарсаңында 40 миллионыншы тонна ферроқорытпа өндірді

Экономика 12.06.2025, 14:58 655 dulatbekova
Қазхром 30 жылдығы қарсаңында 40 миллионыншы тонна ферроқорытпа өндірді
Сурет: Gov.kz

Әлемдегі жетекші ферроқорытпа өндірушілердің бірі саналатын «Қазхром»ТҰК» АҚ іргесі қаланғалы бері ферроқорытпа өндірісіндегі мерейлі меже – 40 миллионыншы тонна өнім шығарды.

Бұл айтулы өнім компания филиалдарының бірі Ақсу ферроқорытпа зауытының тұңғышы – 21-пеште балқытылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

1995 жылы Қазхром Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарын біріктіргенде, олардың жылдық өндірісі – 650 мың тоннадан сәл ғана асатын. Бүгінгі күні өндірісті ауқымды модернизациялау және заманауи технологияларды енгізу арқасында Қазхром зауыттары үш есе көп өнім шығарады және осы салада жетекші позицияларды ұстап келеді.

«40 миллионыншы тонна ферроқорытпаға қол жеткізу – бұл жай ғана сан емес, тұрақты дамудың және компания тұрақтылығының белгісі. Компания өз жұмысын жүргізіп жатқан өңірлердің және жалпы елдің экономикасына үлкен үлес қосуды жалғастырып жатыр. Біз үнемі тиімділікті ілгерілетіп, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және үнемді өндірісті енгізу бағытында үздіксіз жұмыс істейміз», – атап өтті «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев.

2024 жылы Қазхромда ферроқорытпалардың жылдық өндірісінде жаңа тарихи рекорд тіркелді. Бұл бүгінгі жетістікке жету жолындағы маңызды кезең болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тау-кен металлургия компаниясы ферроқорытпалар шығару бойынша бұрынғы ең жоғары көрсеткіштен асып түсті. Жылдық есепте көлем 14%-ға өсіп, 1,8 миллион тоннаға жетті.

«Қазхром» ТҰК» АҚ – Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі ірі жұмыс берушілердің бірі. Компанияның жалпы қызметкерлер саны – 18 мың адамнан асты. Компания өндірісті цифрландыруды, ресурс базасын кеңейтуді және экологиялық көрсеткіштерді жақсарту бағытарында стратегиялық жобаларды белсенді түрде дамытып келеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша компания Орталық Азия елдері кәсіподақтар кеңесінің (ОАЕКК) бастауыш ұйымдары арасында «Үздік әлеуметтік серіктес» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл Қазхромның әлеуметтік серіктестік және қызметкерлердің мүдделерін қорғау саласындағы жоғары деңгейін растайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазхром #ферроқорытпа #40 миллионыншы тонна
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауында құтқарушылар батпаққа батқан 15 адамды эвакуациялады

Кеше 18:57

Қазақстандық Нодира Ахмедова күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Еліміз ұлттық мұраның 10 элементін ИСЕСКО тізіміне енгізуге құжат әзірлеп жатыр

Кеше 18:50

Батысқазақстандық параспортшы боччадан Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 18:45

Қазақстандық студенттер ЖИ негізінде 440-тан астам жоба әзірледі

Кеше 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);