Қаладағы бірнеше ауданындағы жүздеген атаусыз көшеге атау беру мәселесін мәслихат депутаттары қолдады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz.
2025 жылғы 4 шілдеде Алматыда қалалық мәслихаттың қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Ресми хаттамаға сәйкес, күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі - қаладағы 155 атаусыз көшеге атау беру болды.
Отырысты комиссия төрағасының орынбасары Серік Есматов жүргізді. Жиынға мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев, депутаттар мен қала әкімдігінің өкілдері қатысты. Бұл мәселе бойынша Алматы қаласы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет баяндама жасады.