AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жетісу ауданында білім және шығармашылық бағытында...

Жетісу ауданында білім және шығармашылық бағытындағы жаңа нысандар пайда болады

Білім және ғылым 10.07.2025, 12:43 601 Bakyt
Жетісу ауданында білім және шығармашылық бағытындағы жаңа нысандар пайда болады
Алматы қаласы әкімдігі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева есеп берді. Іс-шара барысында аудан әкімі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жаңа білім беру нысандары мен басқа да қолға алынған бастамалар жөнінде баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оқушы орнының тапшылығын азайту үшін 2024 жылдың сәуір айында Бұрындай көшесінде 1200 орындық жаңа мектеп салына бастады. Құрылыс жұмысын 2025 жылдың желтоқсанында аяқтамақ ойда.

«Былтырғы шілде айында №43 мектепке спорт пен акт залдарын қосу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу басталды. Сонымен қатар №87 мен №118 мектепке қосымша ғимараттар салуды жоспарлап отырмыз», – деді Ляззат Жылқыбаева.

2024 жылдың желтоқсан айында Айнабұлақ ықшамауданында 160 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді. Сонымен қатар №163 балабақша мен Ратушный көшесі- 139 мекенжайындағы балабақшаны жаңартуды көздейтін ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Бұдан бөлек, Айнабұлақта алғаш рет шығармашылық даму орталығын салу жоспарланып отыр. Бұл орталықта робототехника, IT, дизайн, музыка, театр мен басқа да бағыттарды да қамтыған студиялар орналасады. Жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылдың үшінші тоқсанында аяқталып, төртінші тоқсанда құрылыс жұмысы басталмақ.

«Жаңа орталықта шығармашылықпен айналысқысы келетін балалар мен жасөспірімдерге арналған түрлі бағыттағы үйірмелер мен студиялар жұмыс істейді. Орталық жаңа құрал-жабдықпен жабдықталып, балалардың   қабілетін ұштауға көмектеседі», – деп атап өтті Ләззат Жылқыбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті құттықтады

Бүгін 14:03

Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойы аталып өтті

Бүгін 13:47

Қорғаныс министрлігінің алқа отырысында әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен технологиялық жарақтандырылуы талқыланды

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);