Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Comic Con Astana-2025 фестивалінде анимені қазақ т...

Comic Con Astana-2025 фестивалінде анимені қазақ тіліне дубляждау мәселесі талқыланды

Мәдениет 10.07.2025, 16:58 738
Comic Con Astana-2025 фестивалінде анимені қазақ тіліне дубляждау мәселесі талқыланды
Cурет: Anidybys дубляж студиясы

Гик-мәдениет фестивалі аясында «Аниме дубляжы: қазақша даббинг» атты шеберлік сабағы өтті. Іс-шараны Anidybys дубляж студиясы блогер DickThor-пен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара қазақ тілінде өтті және дубляжға, аниме локализациясына қызығатын жастарды, шығармашылық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерді, сондай-ақ болашақ дубляж актерлерін жинады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеберлік сағатына жоғары қызығушылық қазақтілді дубляжға деген сұраныстың артқанын және бұл бағыттың жастар арасында өзекті екенін көрсетті. Қатысушылар кәсіби кеңестер тыңдап қана қоймай, дубляж актері рөлін өздері сынап көру мүмкіндігіне ие болды.

Шеберлік сабағы аясында сөз сөйлеген Anidybys студиясының негізін қалаушы, киноның дыбыс режиссері, дубляж режиссері және актері Диас Балаби дубляж жасау үдерісі, кадр сыртындағы және синхронды дыбыстау айырмашылықтары, сондай-ақ анимені қазақ тіліне бейімдеу ерекшеліктері туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, қатысушыларға тәжірибелік сабақ өткізді.

«Біз анимені жай ғана дубляждамаймыз, біз қазақ тілді медиамазмұнды жасаймыз. Қазақ тілі заманауи, жастарға жақын контексте естілуі тиіс. Аниме – осы бағыттағы тамаша мүмкіндік. Мұнда ынталы, талантты жастардың көп болғанына қуаныштымын», – деді Диас Балаби.

Comic Con Astana–2025 13 шілдеге дейін Қазақстан астанасында жалғасады.

Бағдарламадағы дәстүрлі элементтердің бірі –  жалпы жүлде қоры 15 миллион теңгені құрайтын халықаралық косплей байқауы. Қазылар алқасының құрамында: Яя Хан (АҚШ), Cinderys (Франция), RanHime (Қырғызстан), FrauHaku (Ресей), Ainaven Elf! (Қазақстан), Danik (Қазақстан), MiddayofSiberia (Ресей) және басқалар бар.

Фестивальдің басты хедлайнерлері - голливудтық актерлер Энди Серкис, Эсай Моралес және Скотт Эдкинс. Арнайы шақырылған қонақтардың қатарында  Marmok, Qewbite, Антон Милс, Johan, EugeneSagaz, Настя Джексон және Metal Family бар.

Comic Con Astana-2025 Астана әкімдігі мен «AstanaTourism» Туризмді дамыту орталығының қолдауымен ұйымдастырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Comic Con Astana-2025 #дубляж #қазақ тілінде
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет қайраткерлері референдум туралы: конституция қазақша сөйледі

Бүгін 13:38

Алматының қоғамға белгілі тұлғалары дауыс беруге шақырды

Бүгін 13:31

Алматылықтар мүгедектікті белгілеуге онлайн жазыла алады

Бүгін 12:46

Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып есептеледі

Бүгін 12:26

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі