AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Бекмаханов және Әшімов көшелерінің учаске...

Алматыда Бекмаханов және Әшімов көшелерінің учаскесінде қозғалыс жартылай шектеледі

Барлығы 10.07.2025, 16:02 710 Сұлу
Алматыда Бекмаханов және Әшімов көшелерінің учаскесінде қозғалыс жартылай шектеледі
aqshamnews.kz

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматыда инженерлік желілерді жоспарлы түрде қайта жаңарту жалғасуда.

Осыған байланысты қаланың екі ауданында автокөлік қозғалысы екі бағытта да уақытша жабылады — 2025 жылы 11 шілде сағат 22:00-ден 14 шілде сағат 06:00-ге дейін:

  • Наурызбай ауданында — Райымбек даңғылынан Базарбай Жуманиязов көшесіне дейін Әшімов көшесінде 521 метр құбыр ауыстырылады;
  • Түрксіб ауданында — Сүйінбай даңғылынан Майлин көшесіне дейін Бекмаханов көшесінде 2 шақырым жылу желісі ауыстырылады.

Уақытша шектеулер жолдың осы учаскелерінің астынан өтетін магистральдық құбырларды жоспарлы түрде қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Биыл пайдалануға 1965 және 1984 жылдары берілген жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл Наурызбай ауданындағы 4 көпқабатты үйді, бір аурухананы және 2 жеке тұрғын үйді, сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы 42 көпқабатты үйді, бір балабақшаны, бір емхананы және тағы 4 нысанды қысқы уақытта тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген кезде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетеді.

Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ. «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше #шектелу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

Кеше 19:39

Дархан Сатыбалды Тәжікстанның Хатлон облысының төрағасымен кездесті

Кеше 19:35

Естелік-портрет: аудиториядан басталған эфир жолы

Кеше 19:26

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

Кеше 18:25

Қазақстандық жұмыс берушілердің кадрларға сұранысы өсуде

Кеше 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);