Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көше жаңаша жарықтана бастайды

Көше жаңаша жарықтана бастайды

Әлеумет 10.07.2025, 12:33 582
Көше жаңаша жарықтана бастайды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Жетісу ауданы жүйелі түрде жаңғыртылып, қауіпсіз әрі жайлы қалалық орта құру бағытында нақты қадамдар жасап келеді. Соның ішінде сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңарту – маңызды басымдықтың бірі. Қалалық бағдарламаларды іске асыру мен инфрақұрылымға салынған инвестициялар нәтижесінде ауданның кешкі және түнгі келбеті айтарлықтай өзгеріп жатыр: көше мен аулалар, қоғамдық орындар жаңа, үнемді және біркелкі жарықпен қамтыла бастады. Ләззат Жылқыбаева Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында осылай деді.

Қазіргі таңда Жетісу ауданында 20 344 жарық нүктесі жұмыс істейді. Оның ішінде 13 793-і – энергия үнемдейтін LED шамдар, ал 6 551-і – ескі үлгідегі консольді шамдар (ЖКУ). 171 сыртқы жарықтандыру шкафы (ШУНО) жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отыр. Әкімнің айтуынша, ескі шамдарды жөндеп, LED шамдарға ауыстырып, жарықсыз қалған көшелерді жарықпен қамту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қазір 22 көшені толық жарықтандырып біткен, тағы 94 көше мен өткелде жұмыс жалғасып жатыр. Барлығы 116 учаске қамтылған.

Энергия тиімділігі де басты назарда. Көкжиек, Айнабұлақ шағын аудандарында, Райымбек–Сүйінбай–Рысқұлов–Станиславский көшесінің шеңберінде ескі сарғыш шамдарды осы заманғы LED шамдарға алмастырды. Бұл жарық сапасын жақсартып қана қоймай, энергия шығынын азайтуға, экологиялық әсерді төмендетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, сыртқы жарықтандыруды кеңейтуге бағытталған екі ірі жоба іске асырылып жатыр. Біріншісі – 33 көшені қамтыса, екіншісі – 11 учаскедегі тротуарлар мен саябақтарға бағытталған. Бұл жобалар аясында 66 шақырым кабель, 824 жарық тіреуі, 1 300 шам және 2 900 торшер орнату жоспарланған. Бұл өз кезегінде аудандағы негізгі көшелер мен демалыс аймақтарының қауіпсіздігін арттырады.

Қаланың эстетикалық келбетін жақсарту да маңызды бағыттың бірі. Қазіргі уақытта Жетісу ауданында архитектуралық-фасадтық жарықтандыру жобасы қолға алынды. Бірінші кезеңде 29 ғимарат, оның ішінде 9 әлеуметтік нысан мен 20 көпқабатты тұрғын үй жарықтандырылады. Бұл жоба кешкі және түнгі уақытта ауданға ерекше көрік беріп, оның тартымдылығын арттырады.

Жалпы алғанда, жарықтандыруды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан кешенді шаралар Жетісу ауданындағы 200 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданды жаңа, қауіпсіз әрі үйлесімді қалалық кеңістікке айналдыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу #Жарықтандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика