AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Жетісу ауданында өнеркәсіп көлемі 14,4%-ға, салық...

Жетісу ауданында өнеркәсіп көлемі 14,4%-ға, салық түсімі 11%-ға артты

Экономика 10.07.2025, 12:29 631 Bakyt
Жетісу ауданында өнеркәсіп көлемі 14,4%-ға, салық түсімі 11%-ға артты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Шаһардың негізгі өнеркәсіп пен сауда орталығының бірі ретіндегі Жетісу ауданының мәртебесі нығайып келеді. 2025 жылдың алғашқы бес айында аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14,4%-ға өсіп, 161,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткішке аудандағы 572 кәсіпорынның белсенді қызметінің арқасында қол жетіп отыр. Оның ішінде 52-сі – ірі және орта, 520-сы – шағын кәсіпорын. Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында аудан әкімі Ләззат Жылқыбаева осылай деді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Өнеркәсіп саласындағы жоғары өсім аудан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, бүкіл қаланың қаржылық әл-ауқатына елеулі үлес қосып отыр. Осы кезеңде аудан экономикасына құйылған инвестициялар көлемі шамамен 65,3 млрд теңгеге жеткен. Бұл – бірқатар негізгі салалардың дамуына серпін берген негізгі фактор болды. Атап айтқанда, құрылыс саласы 20,1%-ға өсіп, 11,6 млрд теңгенің көлемін көрсетті. Бұл өз кезегінде пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданының 15,8%-ға артуына ықпал етті. Экономикалық белсенділіктің салық түсіміне де оң әсері тиді: өндірістік және инвестициялық көрсеткіштің артуының арқасында Алматының бюджетіне түскен салық 11%-ға өсіп, 149,7 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар, ауданда жаңа жұмыс орындары да құрылып жатыр. Бұл соңғы жылдары айтарлықтай ұлғайған жүйелі қолдау мен қаржыландырудың арқасында мүмкін болып отыр. Инфрақұрылымды жақсарту мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған орталықсыздандыру саясаты аясында Жетісу ауданының бюджеті 2023 жылдың басындағы 7,5 млрд теңгеден 2025 жылы 30 млрд теңгеге дейін төрт есеге өсті. Бұл қаражат ең алдымен инженерлік, әлеуметтік және жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр. Бұл өз кезегінде ауданды өмір сүру мен инвестиция тартуға қолайлы аймақ етіп отыр.  

Өнеркәсіп өсімі, құрылысқа тартылған инвестициялар, салықтық база мен әлеуметтік бағыттағы бюджет көлемінің теңгерімді ұлғаюы Жетісу ауданының тұрақты дамып келе жатқанын және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру үшін берік негіз қаланып жатқанын айқын көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің кей өңірлеріне ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін 08:30

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);