Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылықтар МӘМС қаражатынан 76 млрд теңге жұмсад...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 76 млрд теңге жұмсады

Медицина 10.07.2025, 16:54 524
Алматылықтар МӘМС қаражатынан 76 млрд теңге жұмсады
almaty-akshamy.kz

2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына алматылықтардың алған медициналық көмегі үшін 76,3 млрд теңге төледі. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артық.

МӘМС пакетінен алынған қаражатқа нақты тоқталар болсақ, шығынның басым бөлігі, яғни 43,8 млрд теңгесі стационарлық көмекке, шамамен 2,8 млрд теңгесі күндізгі стационар қызметіне,  15,2 млрд теңге консультативтік-диагностикалық қызметтерге, жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операцияларға 10,3 млрд теңге, медициналық реабилитацияға 3,7 млрд теңге жұмсалған.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың арқасында азаматтар жыл сайын түрлі хирургиялық оталарды жасатуға мүмкіндік алып отыр. Олардың арасында бағасын көпшіліктің қалтасы көтере бермейтін қымбат операциялар да бар. Құны бірнеше миллион тұратын қымбат оталарды   сақтандырылған азаматтар төлеген жарнасының мөлшеріне қарамай жасата береді. МӘМС жүйесіндегі ортақ жауапкершіліктің мәні осында», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.

Мысалы, осы жылы Алматы қаласында жалпы алғанда 8,8 млрд теңгеге 2995 операция жасалған. Бір отаның құны орта есеппен 3 млн теңгеге шығады. Сонымен қатар, 1871 нейрохирургиялық операция жасалған. Оған Қор 3,2  млрд теңге төледі. Тізе және жамбас буындарын алмастыру операцияларына деген сұраныс та өте жоғары. Алматыда 2009 буын алмастыру отасы жасалыпты. Операциялардың жалпы құны 3,2 млрд теңгеге жетіп жығылады

Тағы да  нейро-қан тамыр және қан-тамыр жүйесіне жасаған 2083 отаға Қор 2,9 млрд. теңге төледі. Сонымен қатар, оңтүстік астанамызда жалпы құны 244,7 млн теңгелік 38 бауыр, бүйрек және жүрек алмастырылды. Мұндай бір отаның құны 10 млн теңгеге дейін жетіп жығылады және бүгінде бұл шығындар МӘМС қаражаты есебінен өтеліп жатыр.

Ең қымбат оталар үштігі: 
1.Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесі (LVAD) – бұл жүрекке қанды айдауға көмектесетін механикалық қондырғы. Ол транслантацияны күтіп жүрген немесе жүрегін алмастыруға болмайтын науқастарға қолданылады. Біреуінің құны – 77,5 млн теңге. 2025 жылы осындай 1 ота жасалды;
2.Жүректің митралды қақпақшасын алмастыру, құны – 17 млн теңге. 2025 жылы осындай 2 ота жасалды
3.Аллогенді гемопоэтикалық дің жасушаларын алмастыру, құны – 17 млн теңге.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #МӘМС #қаражат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасып жатыр. Көрермен назарына өзекті мәселелер және өнертабыстар ұсынылды

Бүгін 21:01

Алматылық жастар референдум күні онлайн челленджді қолдады

Бүгін 20:44

Учаске жабылар сәтте: алматылық соңғы минутта келіп дауыс берді

Бүгін 20:06

Пойыздан — бірден учаскеге: алматылық референдумға соңғы минуттарда үлгерді

Бүгін 20:02

24 жәрмеңке және мыңдаған келуші: алматылықтар дауыс беруді саудамен ұштастырды

Бүгін 19:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика