AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жастарға арналған Инновациялық шығармашыл...

Алматыда жастарға арналған Инновациялық шығармашылық орталығы салынады

Әлеумет 10.07.2025, 12:53 775 Bakyt
Алматыда жастарға арналған Инновациялық шығармашылық орталығы салынады
gov.kz

Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жастардың жан-жақты дамуына ықпал ететін – аудан аумағындағы алғашқы инновациялық шығармашылық орталықтың құрылысын таныстырды.

Әкімнің айтуынша, Айнабулак-2 шағын ауданында салынатын жаңа орталық жасөспірімдер мен жастардың креативті әрі технологиялық дағдыларын дамытуға арналған алаңға айналады. Орталықтың құрылысын 2026 жылдың соңында аяқтамақ.

«Бұл орталық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталады. Сонымен қатар, жастардың өнерден бастап технологияға дейінгі түрлі саладағы идеяларын жүзеге асыруына арналған кеңістік болады. Бұл тек білім беру орталығы емес, сонымен қатар мәдени алаң болады деп ойлаймыз», – деп атап өтті Ләззат Жылқыбаева.

Орталық 2 гектар жерде орналасады. Бұл жер мемлекеттік қордың балансында және тұрғындардың өтініші бойынша таңдалған. Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін құрылыс жұмыстары 2025 жылдың IV тоқсанында басталады.

Инновациялық шығармашылық орталықта мынадай нысандар бар:

- өнер бағытындағы студиялар,
- жаңа технологиялармен жұмыс істеуге арналған зертханалар,
- көрме мен шығармашылық кеңістіктер,
- шеберлік сағаттары, дәрістер мен мәдени шаралар.

Ләззат Жылқыбаева жобаның жүзеге асырылуы – аудандағы креативті индустрия мен жастар ортасын дамытуға қосылған маңызды үлес екенін атап өтті.

«Бұл – білім сапасын арттырып, жастарымызға өзін дамытуына мүмкіндік беретін маңызды қадам», – деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика