Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Әлемдегі АЭС құрылысы және олардың қауіпсіздігі

Әлемдегі АЭС құрылысы және олардың қауіпсіздігі

АЭС: Референдум 03.10.2024, 10:09 1,401
Әлемдегі АЭС құрылысы және олардың қауіпсіздігі
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Қазіргі таңда әлемнің 18 елінде 56 атом реакторының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бұл реакторлар әлемдік стандарттарға сай, табиғи және техногендік жағдайларды ескере отырып салынуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Яғни, заманауи атом электр станциялары (АЭС) 8 балдық жер сілкінісіне, цунами сияқты апаттарға, тіпті үлкен ұшақтың құлауына және басқа да төтенше табиғи құбылыстарға төтеп бере алатындай қауіпсіздікпен жабдықталған. 

АЭС-тегі қауіпсіздік деңгейі өте жоғары. 
Мамандардың айтуынша, АЭС-тегі апат ықтималдығы 10 миллион жылда бір ғана оқиға ретінде бағаланады. Ал бүгінгі таңда еліміздің басым бөлігін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған көмір электр станцияларының қауіп-қатері АЭС-тен 80 есе жоғары. Бұл — атом энергетикасының қауіпсіздігі мен сенімділігінің маңызды көрсеткіші.

Әлемдегі жұмыс істеп тұрған барлық реакторлар қатаң бақылауда.
 Олардың әрқайсысының жұмысы МАГАТЭ және WANO (Дүниежүзілік атом электр станциялары қауымдастығы) сияқты беделді ұйымдар тарапынан бақыланады. Бұл қадағалау халықаралық стандарттарға сай қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жүргізіліп, әлемдік қоғамдастықтың сенімін арттыруға бағытталған. 

Атом энергетикасы — еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әрі экологиялық таза жолы. Заманауи технологиялар арқылы салынған АЭС-тер тек қана энергия көзі емес, сонымен қатар, экономиканы тұрақты және қауіпсіз дамытуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атом реакторлары #Әлем #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының 2026-2028 жылдарға арналған ірі жобалары: IT, автокөлік өндірісі және фармацевтика

Бүгін 17:40

Алматыдағы индустриялық аймақтардың толымдылық деңгейі 90%-дан асты — Олжас Смағұлов

Бүгін 17:35

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:31

18 қазақстандық спортшы жасөспірімдер Олимпиадасына шақыртылды

Бүгін 17:12

Алматыда самокат жүргізушілеріне бақылау күшейтілді

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика