AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан құрамасы 93 меда...

Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан құрамасы 93 медаль жеңіп алды

Спорт 01.11.2025, 11:37 423
Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан құрамасы 93 медаль жеңіп алды
ҰОК

Қазақстан құрамасы 22-31 қазан аралығында Бахрейннің Манама қаласында өткен үшінші жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнерін көрсетуін аяқтады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Отандастарымыз 93 медаль жеңіп алды. Оның ішінде – 24 алтын, 29 күміс және 40 қола жүлде.

Бірінші орынға 147 медальмен (63 алтын, 49 күміс, 35 қола) Қытай құрамасы ие болды. 81 медаль (37 алтын, 16 күміс, 28 қола) еншілеген Өзбекстан екінші орынға жайғасты.

Қазақстандық спортшылар жиырмадан астам спорт түрі бойынша бақ сынап, жүлделі орындармен қатар, бірнеше рекорд жаңартты.

Ауыр атлет Әлихан Әскербай бірден бірнеше жоғары жетістікке қол жеткізді. Ол жұлқа көтеруде және серпе көтеруде жасөспірімдер арасындағы әлем, Азия және Азия ойындарының рекордтарын жаңартты.

Жеңіл атлет Максим Сажнев, жүзгіш Александр Румынский және зілтемірші Нұржан Жұмабай да жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Қазақстандық боксшылар ең көп алтын медальді жеңіп алды (5 алтын). Дзюдошылар төрт алтын, ал ауыр атлеттер үш алтын жүлдеге ие болды.

Қазақстан құрамасы өз тарихында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 2009 жылы Сингапурда өткен алғашқы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынында небәрі 14 медаль (4 алтын, 6 күміс, 4 қола) болып, жалпы есепте сегізінші орын алған еді.

2013 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен жарыста отандастарымыз 13 медаль (1 алтын, 4 күміс, 8 қола) жеңіп алып, 13-орынға табан тіреген болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Жасөспірімдер Азиадасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09

Сопылық және заманауи қауіпті ағымдар: руханият пен экстремизм арасындағы шекара

Бүгін 17:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика