AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Таза Қазақстан": Аюсай шатқалында сенбілік өтті 

"Таза Қазақстан": Аюсай шатқалында сенбілік өтті 

Барлығы 01.11.2025, 18:05 498
"Таза Қазақстан": Аюсай шатқалында сенбілік өтті 
Қайрат Қонысбаев

Алматы қаласының мамандандырылған экологиялық прокуратурасы мен қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы, "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен" бірлесіп, Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өткізді.

Мақсат– табиғи аумақтарды таза ұстау, адамдардың экологиялық мәдениетін көтеру.  Ұлттық саябақтың аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жиналған қоқыс полигонға шығарылды. Сенбілікке мемлекеттік органдардың өкілдері, экологиялық ұйымдар, студенттер мен белсенді жастар қатысты.

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының Қалдықтарды басқару бөлімінің бас маманы Еркебұлан Ертайұлы жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша 300-ден астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын айтты. Олардың қатарында сенбіліктер, тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау акциялары, пластикалық бөтелкелер мен қақпақтарды жинауға арналған "Мейірімді қақпақ" секілді экологиялық бастамалар бар.

"Сенбіліктерді біз қала аумағында ғана емес, тау шатқалдарында да жиі өткіземіз. Көбіне ұлттық саябақтар мен табиғи аумақтардың өтініші бойынша ұйымдастырылады",- деді ол. 

Ал эколог Евгений Мұхамеджановтың айтуынша, табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау әркімнің ішкі мәдениеті мен өмірге деген көзқарасына байланысты. 

"Өзін сыйлайтын, өзін құрметтейтін адам ешқашан қоқыс тастамайды. Экологиялық мәдениет – тек табиғатты қорғау емес, ол қоғамның өзіне және болашағына деген құрметінің көрінісі. Сондықтан бос ұрандар мен плакаттардың қажеті шамалы", -дейді эколог. 

Сондай-ақ, ол кейінгі жылдары Алматы қаласында экологиялық мәдениет едәуір жақсарғанын атап өтті:


"Мен бұл іспен жеті жылдан бері айналысамын. Сол уақыт ішінде қала қатты өзгерді. Бұрын Алматы көшелері қоқысқа толы еді, қазір жағдай әлдеқайда жақсарған. Тіпті, қазір сенбілік өткізетін орын табу да қиындап барады, себебі қала таза. Осындай іс-шаралар арқылы қоғамда біртіндеп ортақ экологиялық сана қалыптасып келеді.Бұрын көшелерде темекі тұқылы мен бөтелке көп болатын, ал қазір адамдар ондай әрекетке бармайды. Мүмкін, тағы он жылдан кейін бәріміз бір реттік пластикті қолданбай, өз ыдысымызды алып жүретін боламыз. Міне, нағыз мәдениетті қоғамның көрінісі осы.
Біздің волонтерлер қозғалысы кейінгі екі жылда белсенді дамып келеді. Бұрын негізінен ірі компаниялармен жұмыс істесек, қазір мыңдаған ерікті өз еркімен қатарымызға қосылып жатыр. Ең кішкентай волонтеріміз – 9 жаста, ал үлкендері – 60–70 жастағы адамдар. Экологиялық қозғалыстың барлық жастағы азаматтар үшін ортақ құндылыққа айналғанының дәлелі деуге әбден болады",-дейді Евгений Мұхамеджанов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика