Қырғызстанда 58 адам мектепте тамақтан уланды

  • 17:37, 01 қараша 2025
 Қырғызстанда 58 адам мектепте тамақтан уланды Сурет: pixabay.com

Бішкектегі жекеменшік мектептердің бірінде жаппай улану тіркелді. Уланғандардың бәрі түскі асқа шаурма жеген, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 қазанда сағат 22:30-да Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына тағамнан улану белгілері бар науқастар түсе бастаған. Барлық науқастың 12:00-13:00 аралығында мектеп асханасында шаурма жегені анықталды.

Барлығы 58 науқас медициналық көмекке жүгінген, олардың 54-і - бала.

"7 бала және 2 ересек ауруханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты. 49 науқас қараудан және медициналық көмек көрсетілгеннен кейін тиісті нұсқаулықпен амбулаторлық емдеуге жіберілді. Барлық науқастан талдаулар алынды", - делінген жарияланымда.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бұл оқиға бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:21

19:19

18:16

18:03

17:58

17:41

17:39

17:33

17:23

17:17

17:09

17:03

16:59

16:48

16:34

16:16

16:02

15:48

15:32

15:16

15:01

14:42

14:31

14:16

14:10