Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алаяқтар Ұлттық банк атын жамылып, халықты алдап ж...

Алаяқтар Ұлттық банк атын жамылып, халықты алдап жатыр

Әлеумет 17.04.2025, 16:25 613
Алаяқтар Ұлттық банк атын жамылып, халықты алдап жатыр
www.grani.lv

Ресми ақпаратқа сәйкес, алаяқтар қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық банкінің атын жамылып, азаматтарды түрлі әдіспен қаржылық алдауға тырысуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Олар жалған хаттар мен жасанды видеолар арқылы жұртты сендіріп, ақша жымқыру әрекеттерін күшейткен.

Алаяқтықтың алғашқы түрі – жалған құжат

Алаяқтар:

  • Ұлттық банк өкілінің қолы мен мөрі қойылған жалған хаттарды жасап,

  • «Атыңызға несие шоты ашылған», «төленбей жатқан кредит бар» деген желеумен,

  • Азаматтарға хат жолдап, дүрліктіріп отыр.

Бұл — халықты үркіту арқылы жеке деректер мен қаржы алу мақсатындағы алаяқтық әрекет.

Екінші әдіс – жасанды интеллект арқылы фейк видео жасау

Технологияны да өз пайдасына асырғысы келген алаяқтар:

  • Жасанды интеллект көмегімен Ұлттық банк қызметкерлерінің бейнесін қолдан жасап, фейк видеолар әзірлеген.

  • Бұл видеоларда олар өздерін банк өкілі ретінде көрсетіп, жұртты жалған инвестициялық компанияларға шақырып, кейде «заңгерлік көмек ұсынамыз» деп те сендіреді.

Назар аударыңыз! Ұлттық банк ешқашан:

  • Жеке тұлғаларға хат жолдамайды
  • Жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды
  • Жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді
  • Жеке тұлғаларға кредит бермейді, депозит ашпайды
  • Жеке тұлғалардың кредит тарихын бақыламайды
  • Азаматтарды инвестициялық компанияларға шақырмайды
  • Ұрланған ақшаны қайтаруға заңгер ұсынбайды

Егер осындай алаяқтардың арбауына түсіп қалсаңыз:

  • Уақыт жоғалтпай, құқық қорғау органдарына жүгініңіз

  • Немесе Ұлттық банктің Байланыс орталығына хабарласыңыз — 1477

Тағы бір кең тараған алаяқтық түрі:

Интернетте мынадай мазмұндағы хабарламалар таралуда:

«Егер “Суставпро” тапсырысы өтелмесе, сот арқылы шығындар өндіріледі. Банк кредитінен бас тартылуы немесе шетелге шығуға тыйым салынуы мүмкін. Сәлемдемеңіз поштада, ішінде 30 000 тг сертификат бар...»

Бұл — жалған ақпарат. Кредит, айыппұл, сот арқылы қорқыту — аңғал азаматтарды қаржы тұзағына түсіру әдісі.

Ең жиі зардап шегетіндер — зейнеткерлер

Жақында Семей қаласында зейнеткер әйел өзін «полицеймін» деген алаяққа сеніп, 10 млн теңге аудармақ болған. Абырой болғанда, келіні араласып, бұл әрекетті тоқтатқан.
Осындай жағдайлар ел ішінде жиі кездеседі.

Не істеу керек?

  • Үлкендерге, ата-әжелерімізге бұл тақырыпты түсіндіріп отыру қажет

  • Дастархан басында, күнделікті әңгімеде алаяқтық түрлері туралы ескертіп жүріңіздер

  • Жастар жағы — үйдегілерді сақтандырып отыруға міндетті

Қаржылық қауіпсіздік – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Бұл ақпаратты жақындарыңызбен бөлісіңіз. Алаяқтарға алданған бір адамның зейнетақысы, өмір бойғы жиған ақшасы, тіпті баспанасы да кетіп қалуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қаржылық қауіпсіздік #алаяқ #алдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика