Студенттерді әлеуметтік желі арқылы алдаған күдіктілер ұсталды
Шымкентте киберқылмысқа қарсы қызмет студенттерді алдау схемасын әшкереледі. Күдіктілер өздерін университет қызметкерлері ретінде таныстырып, бағаларын «түзетеміз» деп студенттерден 70–80 мың теңге алып отырған, қазіргі таңда алты эпизод бойынша тергеу жүргізілуде.