AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2024 жылы Қазнетте қайта тараған қауесеттер

2024 жылы Қазнетте қайта тараған қауесеттер

Әлеумет 30.12.2024, 17:20 805
2024 жылы Қазнетте қайта тараған қауесеттер
Сурет: Stopfake.kz

Жылдар бойы таралатын фейктер бар. Олар мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі репосттар мен таратылымдар арқылы қайта-қайта шығады.

Stopfake.kz 2024 жылы кейбір ескі қауесеттер Қазнетке қайта таралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Martinelli вирусы

Ақпан айында танымал WhatsApp қосымшасын пайдаланушыларға телефонды бұзатын видео туралы ескертулер түсе бастады. Ол Martinelli деп аталды, ал ондағы вирус жүйені қалпына келтіре алмайтындай етіп зақымдайды екен. Шын мәнінде, ешқандай Martinelli жоқ. Ал фейктің өзі Желіде 2017 жылы таралды. Ол кезде ұқсас мәтін итальяндықтар арасында таралды.

2023 жылдың қаңтарында фейк Ресейге жетті. Ондағы фактчекерлер Martinelli-ді біреулер ойдан шығарғанын растады.

Біздің портал Martinelli туралы қауесеттерді 2020 және 2022 жылдары жоққа шығарған.

Балаларды ұрлау

Көктемде және жазда әлеуметтік желілерде қонақ үй тұрғындары бөлмеден жасырын есік тауып алғаны туралы ескі фейк видео таралды. Ролик авторларының пайымдауынша, бұл есік арқылы балаларды ұрлап кетеді екен. ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл қауесет бірнеше жылдан бері таралып жатқанын және баласын «ұрлап» кеткен ата-аналардың байланыс нөмірін ешкім бере алмайтынын хабарлады.

Құпия бөлменің сырын қазақстандық фактчекер Factcheck.kz ашты. Видео Holiday Inn Istanbul Old City түрік қонақ үйінде түсірілген. Бұл техникалық бөлмеге апаратын есік болып шықты.

Антибиотиктен болатын өлім

Тамыз айында Қазнетте «Цефтриаксон» препаратын қабылдағаннан кейін адам қайтыс болатыны туралы фейк тарады. Бұл антибиотик Алматының дәріханаларында бар және одан 18 адам көз жұмған екен. Хабарламаға жалған дәрі-дәрмек жасағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топ қамауға алынғаны туралы видеоролик тіркелген.

Алғаш рет жалған хабарлама Желіде 2023 жылдың ақпанында шыққан. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі оны жалған деп таныды. Сол жылдың маусым айында фейк ақпарат әлеуметтік желілерде көп таралды.

Видео да ескі. Ол 2021 жылдың 17 қарашасында ZTB онлайн-ресурсында жарияланған. Онда пандемия кезінде дәрі-дәрмектерді қолдан жасаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ туралы айтылады. Бірақ роликте нақты «Цефтриаксон» антибиотигі мен қайтыс болған 18 адам туралы ақпарат болған жоқ.

Ұры қыз

Қазан айында әлеуметтік желілерде Дамира Құлмағамбетова туралы жалған ақпарат тарады. Біреулер оны баукеспе ұры дейді. Бұл ақпарат жалған болып шықты. Оның 2023 жылдың қаңтарында ҚР Ішкі істер министрлігі жоққа шығарған. Оны Абай облысының ПД Криминалдық полиция басқармасы тексерген.

Қыз туралы жалған ақпаратты туған тәтесі таратқан. Бұл туралы қыз өзінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жазған.

Вирус бар фотосуреттер мен видеолар

Қыркүйек айында WhatsApp-та мессенджердегі фотосуреттер мен видеоларда вирус болатыны туралы хабарлама тарады. Оларды ашқанда телефонға немесе компьютерге зақым келеді екен. Сондай-ақ, хабарламада ДАИШ террористік ұйымы мүшелерінің қоңырау соғатыны туралы айтылды.

Мессенджерлерде медиафайлдар арқылы таралатын вирустар туралы алғашқы жалған ақпарат 2022 жылдың қыркүйегінде шыққан. Оны ҚР ІІМ теріске шығарды. Бүгінде жалған ақпарат жаңартылмаған – 2024 жылы таралған ақпарат қазақстандықтарға екі жыл бұрын келіп түскен ақпаратымен бірдей.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қауесет #жалған ақпарат #фейк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында жалға берілген жерлер қандай жағдайда кері қайтарылады?

Бүгін 11:39

Ораза айт күні қандай амалдар жасау керек?

Бүгін 11:29

Жамбыл облысында 5 млн теңге бопсалаған қоғамдық белсенді ұсталды

Бүгін 11:23

Алматыда ат спорты танымал болып барады

Бүгін 11:11

Берешегін өтеген алматылық кәсіпкердің айыппұлы мен өсімпұлын алып тастайды

Бүгін 10:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика