Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Туған күнін тойламайтын Тоқаев Сурет: интернеттен

Бүгін – Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. 

Президент бүгін 72 жасқа толды. Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД кеңістігіндегі 70-тен асқан басшылардың бірі.

Бүгінгі демалыс Президенттің туған күніне орайластырылған жоқ, қазақстандықтар үшін демалыс бүгін күнтізбе бойынша сенбі болғандықтан ғана. Мемлекет басшысы қағидасы бойынша бұл күні ешқандай салтанатты іс-шаралар өткізбейді, туған күнін де тойламайды.

Оның аты неге Қасым?

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылғы 17 мамырда Алматы қаласында жазушы мен ұстаздың отбасында дүниеге келген.

(Үстіңгі қатарда, сол жақтан төртінші)

Әкесі Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923–1986) — Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ жазушысы. 20 жасында Киевті азат ету кезінде бір рота автоматшылар командирі болатын. Соғыстан кейін тұңғыш қазақстандық детектив жанрындағы жазушы ретінде қалыптасты. Ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Жаршысы» журналында редактор болды. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931–2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген. Отбасында бір ұл және екі қыз Қарлыға (1956) және Қарлығаш (1960).

(Пионер Тоқаев)

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атын ата-анасы Қасым Болтаев (Тоқаев) есімді ағасының құрметіне қойған. Қасым Қызыл әскер құрамында соғысқа аттанып, Ржев шайқасында қаза болды. Соғыстан кейін Кемел Тоқаевқа Тың игеру бағдарламасына қосқан үлесі үшін медаль берілді. Батыр бауырының құрметіне қойған Қасым есіміне, болашақ президенттің анасы Жомарт деген атты қоса ұсыныпты.

Полиглот президент

(Дипломаттар арасындағы турнир. Бейжің қаласы, 1986 жыл.)

Тоқаев — полиглот, қазақша, орысша, ағылшынша, қытайша және французша сөйлейді, бұған қоса Қазақстанның үстел теннисі федерациясының 13 жыл бойғы президенті болған.

Балалық шағының бір бөлігін Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі Жетісу облысының Қаратал ауданындағы Кәлпе ауылында өткізеді. Қасым-Жомарт Алматы қаласындағы №25 мектеп-гимназияда француз тілін тереңдете оқытатын мектепте білім алған. Сыныпта ол ең озат оқушылардың бірі болған. Әкесі оны кітап оқуға, анасы шет тілдеріне баулиды. 1970 жылы Алматы қаласындағы Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектепті аяқтайды. Мектеп француз тілін тереңдетіп оқытады.

2003 жылы гимназияда жөндеу жұмыстары кезінде XXI ғасырдың комсомолдарына арналған кубок табылды. Онда хатпен бірге сенбілікте сәлемдемені жөнелтушілердің, оның ішінде жас Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті де сақталған.

(Мәскеу қаласы, ММХҚИ жатақханасы, 1975 жыл)

1970 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев аттестат алып, Мәскеуге барып, Одақтың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – ММХҚИ-ға оқуға түседі. Бұрынғы курстастарының айтуынша, қабілетті және мақсатшыл жас жігіт тек «өте жақсы» деген бағамен оқыған. Ол жарты жылдық диплом алдындағы практикасын Қытайдағы кеңес елшілігінде өткізіп, онда дипломатқа қажетті  дағдыларымен бірге  қытай тілінің қыр-сырын үйренеді.

(1979 жыл. Подмосковьедегі сенбілік. КСРО Сыртқы істер министрлігінің атташесі)

1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтады. Сыртқы істер министрлігінің жолдамасымен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өтеді, кейін Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданады. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралды.

1983–1984 жылдар аралығында Бейжің тілтану институтында тағылымдамадан өтті. 1984–1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет атқарды. 1989 жылы КСРО Бас хатшысы Михаил Горбачёв Қытайға жасаған сапары кезінде Дэн Сяопинмен болған келіссөздерде аудармашы болды.

1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

1998 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ретінде «Қазақстанның сыртқы саясатындағы Азия-Тынық мұхит елдірі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Ал 2001 жылы саяси ғылымдар докторы ретінде «Жаңа жаһандық тәртіп заманында Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын Надежда Давыдовна Тоқаеваға (1957 жылы туған) үйленген болатын, қазір олар ажырасқан. Олардың жалғыз ұлы — Тимур Кемел (туғанында Тоқаев; 1984 жылы туған), кәсіпкер.

Тоқаев өз туған күнін тойламайтынын айтқан. Бұл президент отбасында туған күн тойлау дәстүрінің болмауына байланысты қалыптасқан.

 

 Ақордаға апарған жол

 Сыртқы істер министрінің орынбасары (1992–1994)

Сыртқы істер министрі (1994–1999)

Қазақстан премьер-министрі (1999–2002)

Мемлекеттік хатшы (2002–2007)

Сенат төрағасы (2007–2011)

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары

Сенат төрағасы (2013–2019)

2019 - ҚР Президенті.

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:39

14:11

14:04

13:54

13:28

13:12

09:14

17:55

17:12

16:16

16:13

16:11

16:08

16:06

15:52

15:23

15:20

15:10

15:09

15:04

15:02

14:28

14:23

13:32

13:30