Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды «Таза Қазақстан» бағдарламасы аяс...

Дархан Сатыбалды «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жасыл желекті көбейтуді тапсырды

Барлығы 02.10.2025, 13:00 516
Дархан Сатыбалды «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жасыл желекті көбейтуді тапсырды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен қала әкімдігінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралардың орындалуына қатысты жиын өтті. Онда 2025 жылдың III тоқсанында атқарылған істер сараланып, алдағы межелер айқындалды.

Шілде-қыркүйек аралығында қалада 367 іс-шара өткізіліп, оған 337 мыңнан астам адам қатысты. 376 тоннадан астам қоқыс жиналды, шамамен 600 гектар аумақ тазартылып, 912 ағаш пен бұта отырғызылды.

Сенбілік ұйымдастыруға баса назар аударылды. Тоқсан ішінде 128 сенбілік өтті, оның ішінде 4 жалпықалалық сенбілікке 40 мыңнан астам тұрғын мен ерікті қатысты. Бұл ауқымды іс-шараға 2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылып, 20 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды.

27 қыркүйекте мектептер мен балабақша ұжымдары, медициналық ұйымдар, бизнес өкілдері және қала тұрғындары қатысқан кең ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Акцияға 4 мыңға жуық адам мен 143 арнайы техника тартылып, бір күнде 1,6 мың текше метрден астам қоқыс жиналып шығарылды.

Сонымен қатар қыркүйек айында 100 мың бұта отырғызу бойынша жұмыстар басталды. Бүгінде 4 мыңнан астам өсімдік егілді, шамамен 7 мың ойық дайындалды. Отырғызылған көшеттерді «Лукоморье» тәлімбағы жеткізсе, олардың сапасын Бас ботаникалық бақ мақұлдады.

Аудандық көрсеткіштер бойынша үздіктер қатарынан Алатау ауданы озық шықса, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандары да жоғары нәтижесімен көзге түсті.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, «Таза Қазақстан» бүгінде жай ғана экологиялық жоба емес, қала тұрғындарын ортақ іске жұмылдыратын қуатты қозғалысқа айналды. Әкім алдағы уақытта барлық ауданның қатысуымен экологиялық айлық өткізуді ұсынды.

«Қаланың тазалығы біздің мәдениетіміздің, болашаққа деген құрметіміздің айнасы. Ең бастысы, осы қарқынды бәсеңдетпей, тұрғындармен, кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйымдармен бірге тізе қосып еңбек ету», – деді Алматы әкімі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Жасыл желек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23

"Діни насихатты шектеу керек". Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді

Бүгін 16:19

"Айналайын, келе ғой". Абай облысында атқа мінген полицей айдаладан 3 жасар баланы тауып алған (ВИДЕО)

Бүгін 16:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика