Қандай жағдайда сатып алған затты қайтаруға немесе айырбастауға болады? Заңгер кеңесі

  • 14:15, 02 қазан 2025
Қандай жағдайда сатып алған затты қайтаруға немесе айырбастауға болады? Заңгер кеңесі depositphotos.com

Кейде адам тауарды сатып алады да, біраз күннен кейін ол қайтарғысы келеді. Мәселен, киім жараспайды, тұрмыстық техника ыңғайға келмейді немесе балаға ойыншық қызықсыз болып қалады. Мұндай жағдайда да тауарды қайтаруға немесе айырбастауға болады. Толығырақ Aqshamnews.kz материалында. 

Қай кезде тауарды қайтаруға болады?

Тауардың ақауы болмаса, Қазақстан заңнамасы бойынша сатып алушы оны 14 күннің ішінде айырбастауға құқылы. Бұл құқық ҚР Азаматтық кодексінде (454-бап) және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңда (30-бап, 1-тармақ) бекітілген.

Шарттары:

  • Тауар қолданылаған болуы керек;

  • Сыртқы түрі, тұтынушылық пішіні сақталуға тиіс;

  • Пломбасы, жапсырмалары алынбаған болуы қажет;

  • Чек (қағаз немесе электронды) болуы қажет.

Алдымен сатушы айырбастау жасауға міндетті. Егер қажет тауар болмаса ақшаны қайтаруға тиіс (ҚР АК 454-бап, 2-тармақ).

Қайтарылмайтын тауарлар

Заңда арнайы көрсетілген тізім бар. Онда:

  • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;

  • ішкиімдер;

  • шұлық-тоқыма бұйымдары;

  • жануарлар мен өсімдіктер;

  • өлшеп сатылатын тауарлар (мата, трикотаж, тоқыма, линолеум, кабель, т.б.);

  • абоненттік құрылғылар (ұялы байланысқа арналған).

Бұрынғы заңда бұл тізімде басқа да тауарлар болған: төсек-жабдық, алтын-күміс әшекейлер, парфюмерия.

Ескеретін жайттар

  • Тағам түрлері қайтарылмайды. Мысалы, сағыз бен темекі де «азық-түлікке» жатады, сондықтан қайтарылмайды.

  • Егер тауарды қолданып қойсаңыз, «тауар түрі бұзылды» деп қабылдамауы мүмкін.

  • Қайтару мерзімі – 14 күн, әрі ол сатып алу келісімі жасалған күннен бастап есептеледі.

Егер сатушы қайтарудан бас тартса

Сатып алушы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетіне немесе e-Gov.kz арқылы шағым түсіре алады.

Әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК 190-бап, 5-тармақ):

  • жеке тұлғаға – 5 АЕК айыппұл;

  • шағын бизнеске – 10 АЕК;

  • орта бизнеске – 15 АЕК;

  • ірі бизнеске – 25 АЕК.

Қайтару мерзімі

Заңда нақты көрсетілмеген, бірақ жөндеу қажет болмағандықтан, сатушы ақшаны немесе айырбасты бірден орындауға тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:55

15:48

15:20

15:05

14:48

14:35

14:29

14:25

14:15

13:23

13:00

12:58

12:41

12:25

12:17

12:11

11:47

11:32

11:27

11:20

11:02

10:52

10:26

10:05

09:49