Алматыда түнде Оспанов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

  • 14:48, 02 қазан 2025
Алматыда түнде Оспанов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі Алматы әкімдігі

Алматыда түнде Оспанов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Алматының шығыс бөлігінде арық жүйесін салу және қайта жаңарту жобасы аясында Экология және қоршаған орта басқармасы мердігер ұйым – «АлматыДорСтрой» компаниясымен бірлесіп, Оспанов көшесінде арық желісінің өткелін салу жұмыстарын жүргізеді.

Осыған байланысты 2025 жылы 2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу «Эдельвейс» тұрғын үй кешенінен Жамақаев көшесіне дейінгі учаскеде енгізіледі.

Айта кетейік, уақытша қозғалыс шектеуі туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде жарияланады. Сондай-ақ мәліметтер 2GIS пен Яндекс карталарындв да қолжетімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:10

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44