Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Denis Ten Memorial Challenge 2025» халық...

Алматыда «Denis Ten Memorial Challenge 2025» халықаралық турнирі салтанатты түрде ашылды

Барлығы 02.10.2025, 18:29 439
Алматыда «Denis Ten Memorial Challenge 2025» халықаралық турнирі салтанатты түрде ашылды
Алматы әкімдігі
Бүгін Алматыда әйгілі қазақстандық спортшы, қысқы Олимпиаданың   қола жүлдегері Денис Теннің жарқын бейнесіне арналған мәнерлеп сырғанаудан VI-шы халықаралық «Denis Ten Memorial Challenge» турнирі салтанатты түрде ашылды. «Халық Арена» мұз айдынында спорт федерацияларының өкілдері, ресми тұлғалар, құрметті қонақтар мен мәнерлеп сырғанау жанкүйерлері бас қосты.
Салтанатты іс-шарада «Қазақстандық мәнерлеп сырғанау одағы» федерациясының президенті Бауыржан Ералы және Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Бас хатшылығының хатшысы Әлімжан Ақаев құттықтау сөз сөйлеп, турнирдің ел спорты үшін маңызы мен жас дарындарды қолдаудағы рөлін атап өтті.
 
Төрт күнге созылатын жарысқа 18 елден келген 130-дан астам спортшы қатысады. Мұз айдынында Қазақстанның үздік мәнерлеп сырғанаушылары да, әлемдік жұлдыздар да өнер көрсетпек. Олардың қатарында америкалық әйгілі спортшы Джейсон Браун мен Оңтүстік Корея чемпионы Ча Джунхван бар.
 
Көрермен назары – алматылық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа ауды. Ол 2025 жылғы Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ Grand Prix және Challenger Series додаларының бірнеше дүркін жеңімпазы. Михаил Шайдоров қазақстандық ерлер мәнерлеп сырғанауының көшбасшысы саналады. Оның турнирге қатысуы еліміздің мәнерлеп сырғанау мектебінің сабақтастығы мен жоғары деңгейін айқындайды.
 
Жарыс соңында ең үздік спортшылар қатысатын кешкі гала-шоу өтеді. Көрермендерді әсерлі қойылымдар, тосынсыйлар мен мерекелік көңіл-күй күтіп тұр. Бұл спорттық мереке Алматы тұрғындары мен қонақтарының есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Денис Тен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23

"Діни насихатты шектеу керек". Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді

Бүгін 16:19

"Айналайын, келе ғой". Абай облысында атқа мінген полицей айдаладан 3 жасар баланы тауып алған (ВИДЕО)

Бүгін 16:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика