Алматыда техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні аталып өтті

  • 20:01, 02 қазан 2025
Алматыда техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні аталып өтті Алматы Білім басқармасы

2025 жылғы 2 қазанда Алматыда көп жылдан кейін алғаш рет ресми мереке – Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) күні атап өтілді.

Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен кең ауқымды салтанатты шара Наурызбай ауданындағы оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында өтті.

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов: «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл қоғам назарын жұмысшы мамандықтарының мәртебесіне, студенттер мен педагогтерді қолдауға, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы әріптестікті нығайтуға ерекше бағыттайды» – деп мәлімдеді.

Айта кету керек, «Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» ресми құжатта 2 қазан «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» ретінде белгіленген. Бұл негіздеме 2023 жылғы 29 мамырдағы №258 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген өзгерістерге сәйкес енгізілген.
Мерекеге колледж басшылары мен педагогтері, әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер және ТжКББ ардагерлері – құрметті қонақтары ретінде қатысты. Олардың  кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің адами капиталы мен ел экономикасын дамытуға қосқан зор үлестері атап өтілді.

Осы күні педагогтер және әлеуметтік серіктестер Алғыс хаттармен марапатталды:
• Абдугазиева Ания Утегеновна, «Лингвистикалық колледжі» директоры;
• Мәлікова Маржан Сабырқызы, ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
• Сарсенов Бакытжан Шамуратович, «Алматы құрылыс және менеджмент колледжі» директоры;
• Кенесбаева Сабира Асановна ҚББЖТҒӘО Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері;
• Абдреймова Молдир Абдрашитовна, «Алматы сервис және технологиялар колледжі» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
• Карабаева Акбопе Касымбековна, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» құрамындағы Кәсіби білім беру колледжінің директоры;
• Сембиева Сауле Балтабаевна, «Алматы көпсалалы колледжі», директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
• Нұржан Ақбота Нұржанқызы, Алматы құрылыс-техникалық колледжі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
• Макеева Акбота Шопановна Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
• Тоқбергенова Гульмира Тельмановна «Интердент» Жоғары  медициналық  колледжі директоры;
• Шалабаева Майра Хусаиновна Халықаралық инженерлік-технологиялық универсиеті колледжі директоры;
• Ледер Алексей Владимирович Алматы автомеханика колледжі өндірістік оқыту шебері.

Бағдарламаның басты оқиғасы Алматы колледждерінің жетістіктер көрмесі болды. Оған қаладағы 12 жетекші мемлекеттік және жекеменшік оқу орны қатысты. Колледждер инновациялық білім беру тәжірибелерін, заманауи оқыту технологияларын, дуалды білім беруді енгізу нәтижелерін, сондай-ақ жұмыс берушілермен табысты ынтымақтастық жұмыс үлгілерін ұсынды.

Іс-шараның кәсіби бағдар беру миссиясына ерекше мән берілді. Көрмеге қатысқан Алматы мектеп оқушылары болашақ мамандықтармен жақынырақ танысып, ұстаздар мен студенттерге сұрақтар қойып, шеберлік-сағаттары мен интерактивті аймақтарға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Экспозиция ТжКББ саласының даму қарқынын және сұранысқа ие кадрларды – сервис пен менеджмент саласының мамандарынан бастап, ІТ және креативті индустриялардағы кәсіби мамандарды даярлаудағы түйінді рөлін айқын көрсетті.
Белгілі қазақстандық әншілердің қатысуымен өткен мерекелік концерт іс-шараның салтанатты бағдарламасын жалғастырды.

Ұйымдастырушылар ТжКББ күні мерекесінің деңгейі бүкіл елдегі кәсіби білім беру жүйесі үшін айрықша оқиға болғанын атап өтті. Бұл – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мемлекет үшін стратегиялық басымдық екенін дәлелдейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:01

19:23

18:33

18:29

18:29

17:55

17:46

17:38

17:25

17:18

16:51

16:36

16:33

16:01

15:55

15:48

15:20

15:05

14:48

14:35

14:29

14:25

14:15

13:23

13:00