AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда әйелдердің қоғамдағы рөліне арналған біре...

Алматыда әйелдердің қоғамдағы рөліне арналған бірегей көрме ашылады 

Барлығы 02.10.2025, 16:33 542 Сұлу
Алматыда әйелдердің қоғамдағы рөліне арналған бірегей көрме ашылады 
aqshamnews.kz

Биыл 3 қазанда сағат 15:00-де Алматы музейінде Белград қаласы музейінің «Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» атты көрмесі ашылады. Қоғамдағы әйел мәртебесін айшықтап, дәріптейтін көрме Сербия тарихы мен мәдениетінің бірегей мұрасымен де таныстырады. 

Көрменің ашылу салтанатына Сербияның Бірінші ханымы Тамара Вучич пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысады.

Экспозиция Сербияның 7500 жылға жуық тарихын қамтиды. Көрме келушілерге серб қоғамындағы әйелдің орны мен рөлі қалай өзгергені туралы тың тарихи мәліметтерді ұсына отырып, әйгілі серб суретшілері, ғалымдары, спортшылары мен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен жетістіктерінен сыр шертеді. 

Экспозицияда Белград қаласы музейінің бай қорынан алынған құнды жәдігерлер – ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, сондай-ақ XIX ғасырдағы серб әйелдерінің портреттері ұсынылады. Көрмені  2025 жылдың 15 қарашасына дейін келіп тамашалауға болады. 

Бұл халықаралық жоба – Алматы мен Белград арасындағы музейаралық ынтымақтастықтың жалғасы ретінде ұйымдастырылуда. 2024 жылдың желтоқсан айында Белград қаласында Ханшайым Любица сарайында Алматы музейінің «Ұлы Даланың мәдени мұрасы» халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өткізілген еді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әйелдер #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);