Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Домбыраның үнін естіп өздері келді". "Реал Мадрид...

"Домбыраның үнін естіп өздері келді". "Реал Мадридтің" ресми парақшасына шыққан домбыралы жігіт оқиғасын бөлісті

Оқиға 02.10.2025, 17:55 619
"Домбыраның үнін естіп өздері келді". "Реал Мадридтің" ресми парақшасына шыққан домбыралы жігіт оқиғасын бөлісті
сурет: https://www.instagram.com/realmadrid/

Әйгілі корольдік клуб "Реал Мадрид" Алматыға келіп, желіде қала туралы бірнеше посттар жариялады. Олардың арасында домбырамен ән шырқаған қазақстандық бозбаланы да байқауға болады. 200 миллионға жуық оқырманы бар, әлемнің 15 дүркін үздік клубы атанған "Реалдың" парақшасында төбе көрсеткен жігіт кім? Аqshamnews.kz тілшісі анықтады.

"Сәкен Сейфуллиннің әнін испандықтарға мақтанышпен орындап бердім"

Танымал клубтың парақшасынан көзге түскен жігіттің есімі - Дамир Сарман. Ол Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тумасы. Қазір Алматыда Абай атындағы ҚазҰПУ-де музыкалық білім беру мамандығы бойынша 4-курста білім алып жатыр. Көпті шулатқан жайт туралы былайша әңігмелеп берді. 

"Сол күні достармен аралық бақылауға дайындалып жүргенбіз. Саябақта камера асынған адамдар көзге түсті. Артынша білуімізше "Реал Мадридтің" видеографтары екен. Домбыра тартып тұрғанымызға тоқтап, “ағылшын тілінде сөйлей аласыздар ма?” деп сұрады. Білгенімізше жауап беріп, өтініштері бойынша әнді айтып бердік. Кадрға енер-енбесіміз белгісіз болса да, Сәкен Сейфуллиннің "Тау ішінде" әнін испандықтарға көсіле орындап бердім", - деді ол. 

 
"Қуанышым ішіме сыймады"
 
Дамир әнді орындап бергенімен оны желіге жүктер-жүктемесін білмегенін айтты. Алайда бірнеше сағаттан соң одан досы "сүйінші" сұраған. 
 
"Парақшаға салатын күні сабақтан келіп үйге жайғасқан кезде дос балам мені белгілеп жіберіп жатыр екен. Қарасам "Реалдың" парақшасында жүрмін. Қуанышым ішіме сыймады. Бір кезде таныстарымның бәрі бөлісіп, реакция қалдырып, менімен мақтанып жатты. Артынша достарым "жусаңшы" деп қолқа салып, солай оларға дастархан да жайып бердім", - дейді Дамир. 
 
"Қазақстандықтар "Реал Мадридтің" желідегі белсенділігін көтеріп тастады"
 
Қызығы - "Реалдың" ресми парақшасында Алматыға келгелі 40-тан астам пост салынған екен. Қазақстандықтар мұны өздерінің белсенді "пікір қалдырғыштығымен" байланыстырып жатыр. Олар жарияланымдардың астына сан түрлі пікірлер қалдырып, парақшаның белсенділігін арттырды. 
 
"Сүйікті клубымның парақшасынан сүйікті қаламды көремін деп кім ойлаған?!", "Реалдың" ресми сайты Алматыдан бейнежазба жариялағанына қуаныштымын, мақтанамын! Мұның бәрі "Қайраттың" арқасы, Қазақстан алғаааа!", - деп жазды көпшілік. 
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Реал Мадрид #Домбыра
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU» оркестрінің есептік концерті өтеді

Бүгін 15:29

700-ден астам науқас және 180 ота: Алматыда балалардың көру қабілеті қалай қалпына келтіріліп жатыр?

Бүгін 15:25

Алматыда студенттерге сталкингтің зияны түсіндірілді

Бүгін 15:22

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Бүгін 15:11

Қабырғаға ұрып, үстіне секірген: Алматыда мысықты қорлаған жасөспірімнің видеосы тарады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика