ffin.kz

Театр – жансарайды нұрландырады

Театр – жансарайды нұрландырады Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Жан сезімін қанағаттандырып тұру қажет. Сол үшін арнайылап театрға барып бір тазарып қалдық. Сондықтан ішкі рухты ұдайы жаңа тыныспен толтырылса құба құп екен.


Бұрыннан бері қойылым көргіміз келіп жүретін. Соның уақыт-сәті өткен жолы түсті. Жалғыз емес өзім ұнатқан жанмен бардық. Мың тәубе! Басты мақсат – араны жақындастыру, сыйластықты арттырып өзара түсіністіктің шамын жағу. Сол діттеген ниетке бір табан жеткендейміз.


Біз шығармашылық адамы болып есептелеміз. Көп нәрсені ой елегінен өткізіп, кей тұста жүрекпен қабылдаймыз. Өйткені журналистіайналадағы дүние бей-жай қарай алмайды.


Біз бұл аптаның бір күнін театрға арнадық. Сол ниетіміз жүзеге асты. Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының «Сүйікті менің періштем» қойылымын тамашалап қайттық. Әсерлі сәттер, көрген-түйген, ойға алған дүниелерді хатқа түсіруді жөн көрдік.


Сахнаның сәні өнерпаз


Залда қарап отырған адамға бәрі оңай секілді. Алайда сахнада құлап, сүрініп, жылап-сықтап, күліп-ойнап, жадырап шат-шадыман болатын ол – актер мен актриса. Басты рөлдегілер қалай үйлесімді ойнайды, дәп солай қойылымның сәні кіреді.


Ақын Қадыр Мырза Әлі актер адамның жансырын өлең шумақтарымен ғажап суреттей біліпті.


Ақын өз өлеңінде:


...Адамның бәрі шетінен,
Артист боп кеткем заман ба!
Бірқатар жұрттың жартысы
,
Қара тер болып жүр босқа
.
Бір басқа адам артисі
,


Ал артист адам бір басқа – депті. Қандай керемет өнер адамының жансырын жеткізе білген. Осы жағын көзбен көріп, жүрекпен сезіндік. Әсерімізді сөзбен бедерлеу мүмкін емес. Алайда іштегі сырды сахнадағы өнер адамы жеткізе біледі. Біз ойлаймыз сахнадан әркім өз образын көрген шығар. Осы сезімді жеткізе алған актер мен актриса дейтін қауымға мың алғыс!



Көрермен әдебін білейік


Театрға барған адам мәдениетті болса дейміз. Сахнадан әртіс жанын салып рөлін сомдап тұрғанда оған құрмет қажет. Керек десеңіз шыбынның ызыңы естілмеуі керек қой. Көрермендердің шулағаны актерге үлкен ыңғайсыздық жасайды. Сондай кезде қойылымнан маза қашады.


Осы күні жұрт өзін сыпайы ұстап үйренсе екен. Самартфонға телмірмей, сахнадағы қойылымға мән бергені абзал. Ақыры алып ұшып театр табалдығын аттаған екенсіз, айналаға кедергі жасау әбестікке баланады. Дәп қойлым жүріп жатқанда бір кісі кіріп, екіншісі шығып, үшінші тараптан бала жылап жатса не болады? Сондықтан айналаға ілтипатпен қарап үйренейік. Аспан асты елінің философы Конфуций «өзіңе не істегенді қаламасаң, өзгеге соны жасама» депті. Осыдан-ақ түсінген жанға, ойланған миға бәрі жетіп жатыр.


Әлбетте театрға адам жалғыз бара қоймас. Көбіне құрбы-құрдастарын, бірге ойнап-күліп жүрген дос-жарандарын ертіп барады. Сол сәтте бір ауыз тыныштық сақтап, назарды сахнаға бұрып ешкімнің мазасын алмау керектігін ескерте біліңіз. Егер өзара дауыстап сөйлесіп, эмоцияны жасыра алмайтын болсаңыз, руханият ордасына бас сұғып қажет емес-ті. Қай уақытта өзіңізді қолға ұстап, кем-кетік қылықтарыңызбен жұмыс істей білесіз, сол сәтте кемелденуге барсаңыз тіпті қатып кетеді. Бұл өзіңізді тағылым-тәрбиеге үйрететін бірден-бір әдіс-тәсіл саналады.


Сәті түскен жүздесу


Біз театрда Қазақстан Халық әртісі, әйгілі режиссер Есмұхан Обаев ағамызды кездестірдік. Егде тартқан жанында, демеушісімен бірге қолтықтасып жақындап келеді. Орымыздан тұрып құрмет көрсеттік. Өз жайымызды бердік. Келбетті, өңді, мысы басатын, өзгеге ұқсамайтын, өз саласының нағыз білгір, театр қайраткері екеніне тағы бір мәрте куә болдық. Өнер жайында біршама тілдесіп үлгердік. Қазақтың «шымшық сойсада қасапшы сойсын» дегені рас көрінді. Актерлердің сахнадағын өнерін қалт жібермей қадағалап отырды. Ара-арасында бізге ой-пікірін айтты. Қысқасы «бір оқпен екі қоян ату» деген осы шығар. Бір жағынан театрға тамсандық, сондай-ақ өнер қайтарткерімен жылы әңгіме өрбіді. Әрине бас-аяғы 10 минуттың ішінде талай дүниеден хабардар болғандаймыз. Бұйырса бір сәті түскен күні асықпай-аптықпай сұхбатқа уағдаласқандаймыз.


Негізі байқап қарасақ, өмірде әрнәрсе текке емес сияқты. Бәрінің қайыры бар. Бір іс келесінің жолын ашып тұр. Ұрымтал тұсты пайдалана алсаңыз, біраз шаруаны шалқайтуға болатындай.



Түйін


Адам дейтін робот емес қой. Күйбең тіршіліктен қол үзу үшін, жолын тауып мәдени орындарға барып тұрған жөн. Әгәрәки өз-өзіңізді қадірлемесеңіз, өзге сіздің көңіліңізді көтермесі анық. Жан-дүниеңізді рухани тазартқыңыз келсе, театрға барыңыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55