ffin.kz

Сұлтанбек Қожановқа бюст орнатылды

Сұлтанбек Қожановқа бюст орнатылды Сурет: Іnform.kz

Қайраткерге арналған мүсін Қожанов пен Жароков көшелерінің қиылысына қойылған.


Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ғалым, публицист Сұлтанбек Қожановқа орнатылған бюсттің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Салтанатты шараға тарихи тұлғаның туыстары, зиялы қауым өкілдері қатысты.



«Ол Қазақ елі тәуелсіздігінің бастауында тұрған тұлғалардың бірі. Ол – Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатұлының ізін басқан, солармен тығыз қарым-қатынаста болған. Алаш қайраткерлерімен араласқан, өз қайырымын тигізген танымал тұлға», – деді филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп.



Мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист Қожанов Сұлтанбек 1894 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылында туған. Саяси қызметін Ташкент қаласында семинария оқушыларынан құрылған «Кеңес» атты астыртын жастар ұйымын құрудан бастаған.


1917 жылы көктемде Ташкентте Мұстафа Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге «Бірлік туы» газетін шығарды. Өлкеде кеңестік билік тұсында болған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытты. С.Қожанов 1920-1924 жылдары Түркістан компартиясы ОК мүшесі, Түркістан орталық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Түркістан республикасының ішкі істер халық комиссары, Халық ағарту халық комиссары, «Ақжол» газетінің редакторы болады. 1924-1925 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің хатшысы, 1925-1926 жылдары БК/б/П ОК ұлт республикалары мен облыстары бойынша жауапты нұсқаушысы, Мәскеу марксизм-ленинизм курсының тыңдаушысы, 1928 жылы БК/б/П ОК Орта Азия бюросының үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1929-1931 жылдары Орта Азия мақта-ирригация политехникалық институтының алғашқы директоры, 1931-1932 жылдары Орта Азия мақта орталығы басқармасының төрағасы, 1932-1933 жылдары Мәскеуде Одақтық мақта өнімдері басқармасының орынбасары, 1933-1934 жылдары КСРО ХКС мақта тобы басшысының орынбасары, 1934 жылы кеңестік бақылау комиссиясының Өзбекстан бойынша өкілі болып қызмет атқарады.



Оның шығармашылығында «Нені айтайын?», «Кім жауапкер?», «Көреміз!», «Шынға ұқсаған пікірлер», «Бұл кім?», «Тілмаштарға бір сын» т.б. өлеңдері мен К.Бальмонт, Эзоп (Д.Бедный тәржімесі) туындыларынан қазақша сөйлеткен аудармалары бар.



Қайраткер 1937 жылы 16 шілдеде ұсталып, 1938 жылы 8 ақпанда атылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39