AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда самокатпен жол ережесін бұзғандар жауапқа...

Алматыда самокатпен жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды

Заң мен тəртіп 22.08.2025, 16:52 844
Алматыда самокатпен жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды
Сурет: Polisia.kz

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің электросамокатпен әл-Фараби даңғылы бойымен жоғары жылдамдықта жүйткіп, өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне қатер төндірген сәті түсірілген бейнежазба тарады.

Аталған дерекке байланысты жергілікті полиция қызметі тексеріс жүргізіп, оқиғаға қатысы бар екі азаматты анықтап, ұстады. Олардың бірі – кәмелет жасына толмаған жасөспірім. Тексеру барысында ересек азаматтың жүргізуші куәлігі жоқ екені белгілі болды. Ол жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жасөспірімнің ата-анасына қатысты екі құқықбұзушылық – ата-аналық міндетін тиісті деңгейде орындамау және баланың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруі бойынша шара қолданылды.

- Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Электросамокатпен қатты жылдамдықта жүру – тек өз өміріне ғана емес, өзгелерге де қауіп төндіреді. Біз мұндай заңбұзушылықтарға қатаң шара қабылдаймыз. Ата-аналардан балаларына мұқият болып, оларға көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруді сұраймыз, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев. 

Полиция жолдың – жоғары қауіп аймағы екенін ескертіп, әрбір азаматты қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #самокат #Жол ережесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Софья Берульцева «Парасат» орденімен марапатталды

Бүгін 17:21

Президент мақтауын естіген параспортшы көз жасына ерік берді

Бүгін 17:17

Эстонияның ERR қоғамдық телеарнасы Алматы туристік әлеуеті туралы бағдарлама шығарды

Бүгін 17:09

Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрін құттықтады

Бүгін 16:45

Дархан Сатыбалды Алматыны қысқы маусымға дайындау және құрылыс жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 16:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);