AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жаңа оқу жылында жеке қауіпсіздік сабақтары қайта...

Жаңа оқу жылында жеке қауіпсіздік сабақтары қайта жүргізіледі

Білім және ғылым 22.08.2025, 15:08 702
Жаңа оқу жылында жеке қауіпсіздік сабақтары қайта жүргізіледі
Сурет: Gov.kz
1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтары қайта басталады. 
 
Бұл сабақтар балалардың түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет етуге қажетті практикалық дағдыларын қалыптастыруға және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Сабақтар балабақшалардан бастап колледждерге дейін білім берудің барлық деңгейін қамтиды. Әр жас ерекшелігіне сәйкес бөлек блок әзірленген:
•балабақша — жедел қызмет нөмірлерін білу, ойын және демалыс алаңдарындағы қауіпсіздік ережелері;
•бастауыш сыныптар — судағы және мұздағы қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен кездескенде өзін ұстау, қаңғыбас иттерден қорғану;
•орта буын сыныптары — буллинг пен кибербуллинг, қауіпті интернет-әуестенулер, бейтаныстардың ұсыныстарынан бас тарту, өз іс-әрекетіне жауапкершілікті қалыптастыру;
•жоғары сыныптар мен колледждер — қаржылық сауаттылық, алаяқтардан қорғану, онлайн-ойындардағы тәуекелдер, еңбек қауіпсіздігі, өз құқықтары мен міндеттерін білу, жеке әрекеттері үшін жауапкершілік.
 
Сабақтар әр аптада сынып сағаты аясында 10 минуттан өткізіледі және тақырыптар жылына үш рет қайталанады.
 
Бағдарламаны іске асыру барысында үш кезеңді мониторинг жүргізілді. Оның ішінде педагогтер мен психологтарға арналған кеңестер мен вебинарлар ұйымдастырылды, сондай-ақ полиция, ТЖМ және денсаулық сақтау өкілдері тартылды. Анкета алу, жобалар, бейнероликтер және өзге де интерактивті әдістер қолданылды.
 
«Тәжірибе көрсеткендей, мұндай сабақтар балалардың мазасыздығын төмендетіп, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады және оларды өмірдегі, онлайн ортадағы күрделі жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретеді», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
 
Еске сала кетейік, жеке қауіпсіздік сабақтары 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар аясында енгізілген.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқу жылы #Қауіпсіздік сабақтары #қайта жүргізу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар Наурызды қалай қарсы алады?

Бүгін 15:27

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Бүгін 15:22

Алматылықтарға арналған ерекше мүсін

Бүгін 14:03

Наурыз тойының шығуына байланысты аңыз-әфсаналар

Бүгін 13:45

«ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!»: Байқау жеңімпаздары анықталды

Бүгін 13:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика