AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Мыңдаған алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Мыңдаған алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Барлығы 23.08.2025, 19:37 818
Мыңдаған алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Қайрат Қонысбаев

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 Қаладағы барлық сегіз аудан қамтылып, тазалық жұмыстарына 7 мыңнан астам алматылық атсалысты.

Әуезов ауданы. Мұнда тұрғындар, еріктілер, мемлекеттік қызметшілер мен коммуналдық қызмет өкілдері бірігіп, Үлкен батыр көшесінің бойында (Абай даңғылынан Жұбанов көшесіне дейінгі аралықта) аумақты қоқыстан тазартты. Дворлар мен жаяу жүргінші жолдары ретке келтіріліп, ағаштар мен көгалдар қураған жапырақтардан арылды. Сенбілікке 700-ге жуық адам қатысты.

«Бұл шара тұрғындарды қала абаттандыруға тарту үшін ұйымдастырылды. Адам өз қолымен көгалдандырған аумағын таза ұстауға тырысады. Бүгінгі сенбілік – тек Алматының тазалығына қосқан үлес емес, сонымен қатар адамдардың танысып, жаңа достар табуына да мүмкіндік берді», – деді аудандық әкімдік өкілі Айгерім Исалиева.

Қатысушыларға арнайы футболкалар беріліп, көңілді әуен ойнатылды. Jas Volunteers еріктілері мен зейнеткерлер де белсенділік танытты.

Алатау ауданы. Бұл аудандағы сенбілік №213 мектеп аумағында өтті. Іс-шараға 300-ден астам адам, сондай-ақ 10 жүк тиегіш техника мен 30 жүк көлігі жұмылдырылды. Мектеп маңы қоқыстан тазартылып, арамшөптер орып тасталды, жаяу жүргіншілер жолдарына жарық шамдары орнатылды.

Басқа аудандар.

 

  • Алмалы ауданында сенбілік «АРО» саябағында және бірқатар көшелерде өтті.
  • Наурызбай ауданында – Төле би көшесінің бойында.
  • Түрксіб ауданында – «Нижняя Пятилетка» шағын ауданында, №1 теміржол вокзалы маңында.
  • Бостандық ауданында – №105 гимназия аумағында.

Осылайша сенбілік Алматының барлық ауданын қамтып, қала тұрғындары, еріктілер, коммуналдық қызмет пен мемлекеттік органдар өкілдері бірлесе еңбек етті. Нәтижесінде Алматы тазарып қана қоймай, тұрғындардың ортақ іске деген жауапкершілігін арттырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);