Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қазақстанның екі дүркін чемпионы Ұлттық ұлан қатар...

Қазақстанның екі дүркін чемпионы Ұлттық ұлан қатарында қызмет етеді

Барлығы 22.08.2025, 15:35 552
Қазақстанның екі дүркін чемпионы Ұлттық ұлан қатарында қызмет етеді
Сурет: Polisia.kz

Ұлттық ұлан сапында тек құқықтық тәртіп сақшылары ғана емес, нағыз чемпиондар да бар.

Солардың бірі – Алматы қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде мерзімді қызметін атқарып жүрген қатардағы жауынгер Алдияр Жаркеев, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Әскер қатарына Жезқазған қаласынан шақыртылған Алдияр – Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Оның есімі қоян-қолтық ұрыс әлемінде жақсы таныс. Ол алғашқы үлкен жеңістеріне әскерге дейін қол жеткізген. 2021 жылы Қарағандыда жеңіл салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, 2023 жылы Астанада чемпиондық атағын қорғап шықты.

Әскердегі алғашқы күндерінен-ақ командирлер оның спорттық әлеуетін байқады. Биыл Түркістан қаласында өткен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан өткен чемпионатта Алдияр "Оңтүстік" ӨңҚ командасының намысын қорғап, 70-тен астам мықты спортшы қатысқан бәсекеде 58 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені еншіледі. Бұл жетістік кездейсоқ емес. Алдиярдың спортқа деген сүйіспеншілік пен жігерлі мінезі отбасында қалыптасқан. Оның ағалары да кезінде Ұлттық ұлан сапында мерзімді әскери борышын өтеп, інісіне лайықты үлгі көрсетті. Алайда ұландықтың әскери қызметі тек спортпен шектелмейді.

Бүгінде ол Алматы көшелерінде патрульдік қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті қадағалап, мәдени және спорттық іс-шараларда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Командирлері оның мінсіз тәртібі мен бастамашылдығын ерекше атап өтеді. Ал қаруластары Алдиярды спортта да, әскери қызметте де үлгі боларлық нағыз ұландық деп санайды. 

– Мен үшін спорт – өмір салты. Әскерде жүрсем де, жаттығуды жалғастырудамын. Әскердегі қызмет дайындығыма еш кедергі келтірмей, қайта төзімді әрі мықты болуға көмектеседі, – дейді ол.

Бұл сөздер негізгі ойды айшықтап, Ұлттық ұландағы қызмет – ерлік мектебі ғана емес, тұлға ретінде дамуға жол ашатын орта екенін дәлелдейді. Мұнда жауынгерлерге сенім артып, олардың талантын ашуға және жетістікке жетуіне қолдау көрсетеді. Өйткені әскери форманың артында жаңа белестерді бағындыруға талпынған адам бар.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qazaqstannyng-eki-durkin-chempiony-ulttyq-ulan-qatarynda-qyzmet-etedi/

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #екі дүркін чемпион #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика