AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су тапшылығы мәселесін қазақстандық мамандар қалай...

Су тапшылығы мәселесін қазақстандық мамандар қалай шешпек?

Әлеумет 10.02.2022, 06:07 1,651
Су тапшылығы мәселесін қазақстандық мамандар қалай шешпек?
Сурет: Tri-kolodtsa.ru

Үшінші жыл қатарынан су тапшылығы болады деп болжануда.


Гидравликалық болжамға сәйкес, 2022 жылы Қазақстанда қайта су тапшылығы болады. Осыны ескере отырып, вегетациялық кезеңге дайындық жүргізілуде. Сарапшылар фермерлерді ылғал сыйымды дақылдардың алқаптарын қысқартуға және ылғал үнемдеу технологияларын қолдануға шақырады. Бұл туралы AGRITECHNICA digital on tour аясында ұйымдастырылған су ресурстарын басқару тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында Экология министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Eldala.kz cілтеме жасап. 



«1 ақпандағы жағдай бойынша, болжамдар көңіл көншітпейді. Үшінші жыл, әсіресе, оңтүстік аймақтарда су тапшылығы байқалады. Өткен және одан арғы жылдағыдай ұқсас сценарий болады деп күтілуде», - деді Досбол Бекмағамбетов. 



Экология министрлігінің жұмыс бағыттарының бірі тасымалдау кезінде су шығынын азайту болып табылады, ол бүгінде 50%-ға дейін жетеді. Ұзындығы 7,4 мың км суару желілерін қайта жаңарту, 16 гидротехникалық құрылысты, каналдарды қайта жаңарту және суды есепке алуды цифрландыру жоспарланған.


Досбол Бекмағамбетов атап өткендей, суаруға арналған барлық су тартудың 97%  жалпы суару алаңы 1 млн 250 мың га болатын оңтүстіктегі төрт өңірге - Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарына тиесілі. Бұл ретте аталған өңірлерге ел бойынша барлық суармалы алаңның 77% тиесілі. Осыған байланысты суармалы судың негізгі шығындары да осы аудандарда орын алуда.



«Соңғы жылдары еліміздің оңтүстік өңірлерінде вегетациялық кезең су тапшылығы циклы жағдайында өтуде. Қабылданған шаралардың арқасында өткен жылы фермерлерімізді суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ете алдық. Өткен жылдағыдай, біз алдын ала дайындық жұмыстарын бастадық. Вегетациялық кезең басталғанға дейін Мемлекетаралық пайдалану арналарын қайта құру жалғасады», - деді Комитет басшысының орынбасары. 



Сондай-ақ, ылғал сыйымды және монодақылдардың егіс алқаптарын азайту, су үнемдеу технологияларын енгізу, каналдарды тазарту қарастырылған. Суару кезектілігі, коллекторлық-дренаждық суларды қайта пайдалану ұйымдастырылады, сондай-ақ қосымша сорғылар орнатылады.



«Үлкен қаржы бөлінді, аталған жұмыс жалғасуда», - деп атап өтті Досбол Бекмағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #Экология #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Кеше 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Кеше 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Кеше 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Кеше 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);