AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Шығыс Қазақстан фермерлерінің ауылшаруашы...

Алматыда Шығыс Қазақстан фермерлерінің ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Барлығы 02.11.2025, 17:42 437
Алматыда Шығыс Қазақстан фермерлерінің ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Самат Құсайынов

Әр аптаның соңында ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері қала тұрғындары үшін тиімді сауда алаңына айналды. Бұл жолы алматылықтарға өз өнімдерін ұсынуға Шығыс Қазақстанның фермерлері келді. Жәрмеңке Қазыбек би көшесінде, Панфилов пен Абылай хан көшелерінің аралығында ұйымдастырылды.  

Таңғы сауда баяу басталғанымен, түске қарай жәрмеңке қыза түсті. Біз оны сөмкелерін толтырып, риза көңілмен қайтып жатқан жұрттың жүзінен байқадық.  

Жәрмеңке сөрелерінде шығыстың әйгілі балынан бастап, табиғи сүт өнімдері, май, құрт, қымыз, ет пен көкөністің сан түрі самсап тұр. Әсіресе Катонқарағайдан келген бал мен прополис, пантокрин мен ара тозаңына сұраныс жоғары. Әр келуші өз денсаулығына пайдалы дүниені алуға тырысып, сатушылармен жылы әңгіме құрып жатыр.

Мәселен, Аягөзден келген Ләззат Мусаева, сүт өнімдерін сатуға келген.

"Бізді осы жәрмеңкеге шақырғанда қуана келістік. Алматы жұртының талғамы жоғары, бірақ сонымен қатар сапалы өнімді бағалай біледі. Май мен құрт жақсы өтіп жатыр. Кеш батқанша бәрін сатып, елге жеңіл қайтсақ деген үмітіміз бар", – дейді ол күлімдеп.

Келушілердің көбі жәрмеңке жайлы газет беттерінен, әлеуметтік желіден және таныстарынан естіп келген. Алматылық  Марина Матхамова да осындай тұрақты сатып алушылардың бірі:

"Бұл жердің бағалары мен сапасы көңілге қонымды. Ең бастысы – өнім тікелей өндірушіден келеді. Бүгін ет пен бауыр алдым. Көк базардағыдан едәуір арзан. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, жұрт та ұтады, фермерлер де риза болады", – дейді ол.

Шығыс қазақстандық бал өндіруші Сергейдің де пікіріне құлақ түрдік.

"Біз балдың барлық табиғи өнімдерін алып келдік. Ара тозаңы мен пантокринге сұраныс жоғары. Бұл өнімдер иммунитетті көтереді, ағзаны сергітеді. Көпшілік  қызығып, алып жатыр. Осындай тікелей сауда – нағыз халыққа пайдалы іс", – дейді ол.

Шығыстың балы мен етін іздеп келген Ілияс Сыдықов былай дейді:

"Әр демалыс сайын келеміз. Осындай жәрмеңкелер көп болса екен. Бағалары тиімді, таңдау көп. Міне, үйге ет, бал, сүт алдық. Тіпті көршілерге де хабар жазып жібердік, үлгерсін деп.  Балдың келісін 2000 теңгеден алдым. Таза өнім. Ал ет 3000 теңгеден сатылып жатыр. Мұндай мүмкіндік жиі бола бермейді", – дейді.

Ал Дархан Нұрахметов тауардың шыққан жеріне ерекше мән беретінін айтты:

"Кейде күмәнданып қаласың. Шынымен сол айтылған жақтан әкелінді ме, әлде жергілікті ме деп. Бірақ көліктің нөміріне қарасақ, бәрі нақты. Бұған дейін Аягөздің етін алғанмын, дәмі тіл үйіреді. Осындай сенімді жәрмеңкелерді ұйымдастырғандарға рахмет",  – дейді ол.

Қаланың жеке секторында тұратын көптеген отбасы қыс қамын жасап, картоп, пияз, сәбіз секілді көкөністерді қап-қаптап алып жатқанын байқадық.

"Қыстың қамын жазда ойла" дегендей, үйдің жертөлесін толтырып алсақ, көңіл тыныш. Мұнда бағасы базардан әлдеқайда арзан, әрі өнім сапасы да жақсы", – дейді алматылық зейнеткер Шынар апай.

Жұлдыз Құрманбекова да тұрақты келушілердің бірі екен:

"Әр апта сайын келеміз. Тауар көп, бағасы тиімді. Әсіресе бал мен сүт өнімдері таза әрі дәмді. Көк базардан 20-30 пайызға арзанға түседі", – дейді ол.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағада алу бүгінде қала тұрғындары үшін өте тиімді.  Мұндай жәрмеңкелер бір жағынан – алматылықтарға арзан әрі сапалы азық-түлік алу мүмкіндігін берсе, екінші жағынан – ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімін тікелей тұтынушыға ұсынуға жол ашады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика