AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұ...

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

Барлығы 02.11.2025, 12:16 471
Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қаланың денсаулық сақтау нысандарына қатысты кеңес өткізді.

Кеңесте №3, 5, 7, 12, 18, 20, 21 және 27 қалалық емханаларда, Адам репродукциясы орталығында, №2, 3 және 8 жедел жәрдем қосалқы станцияларында, сондай-ақ «Балалар үйі» қалалық мамандандырылған  мекемесінде және «Алау» оңалту орталығында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі талқыланды. Барлық нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайына бейімделеді. Жұмыс кестесінен кешігіп жатқан мердігер ұйымдарға ескерту жасалды.

Сондай-ақ, Медеу ауданында жедел жәрдем қосалқы станциясын, Түрксіб ауданында отбасылық амбулаторияны салу жобалары, сондай-ақ, №16 емхана мен патологоанатомиялық бюроны сейсмикалық күшейту, қалпына келтіру және мен күрделі жөндеу  жұмыстарының жобалары қаралды. 

Әкімнің орынбасары туындаған мәселелерді жедел шешу қажеттігін және бұл жұмысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен, Құрылыс басқармасымен, Қала құрылысын бақылау басқармасымен және мердігер ұйымдармен тығыз өзара қарым-қатынаста атқару маңызды екенін атап өтті.

Барлық жұмыс Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жіті бақылауына алынған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #денсаулық медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Кеше 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Кеше 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Кеше 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Кеше 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);