Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқықбұз...

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтар саны азайған

Әлеумет 10.02.2022, 05:52 1,934
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтар саны азайған
Сурет: Advo24.ru

Есесіне құқық бұзушылар саны бір жылда 29%-ға өсті. Бір жыл көлемінде осы салада 1,2 мың құқықбұзушылық тіркелді.


2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында экономикалық қызмет саласында 1,2 мың қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 11,3%-ға аз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.


2020 жылдың осы кезеңінде мұндай 1,3 мың құқықбұзушылық тіркелген, жыл сайынғы өсім 23,2%-ды құрады.



Өңірлік тұрғыда экономикалық қызмет саласындағы құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген: жалпы саны 249 оқиға – бұл бір жыл бұрынғыдан 3,8%-ға артық.


Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстан көш бастаушылардың үштігіне Шымкент (174 құқықбұзушылық, жылына минус 16,3%) пен Ақтөбе облысы (122 құқықбұзушылық, 2,3 есе өсім) кіреді.


Мұндай құқықбұзушылықтардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: бар болғаны 15 жағдай, жылына минус 44,4%.



«Жұмысты нақты орындамай, қызмет көрсетпей немесе тауарларды жөнелтпей шот-фактураны беру бойынша әрекеттер жасау» бабына қатысты сегменттегі ең «танымал» құқықбұзушылықтар: 409 жағдай, бұл бір жыл бұрынғыдан 7%-ға аз.


Жиі кездесетін баптардың қатарында «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару» және «Ұйымдардан салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару» баптары да болды.


2021 жылы экономикалық қызмет саласында 738 адам қылмыстық құқықбұзушылық жасады, бұл бір жыл бұрынғыдан 28,8%-ға артық. Оның ішінде 294 адам жұмыссыз, 158-і кәсіпкер. Сондай-ақ тәртіп бұзушылар арасында 31 жұмысшы мен 8 мемлекеттік қызметкер бар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#экономика #құқық #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика